Интерактивті картаның жобасының мақсатын сипаттау.
Интерактивті діни карта - қаланың діни ахуалына мониторинг жасауға оңтайландыруға, сондай-ақ қалалықтарды мониторинг процесіне тартуға бағытталған бірегей жоба.
Сайт құрылымдық деректер қорынан құрылған, мерзімді жаңартулар мен түзетулер жасалынып тұрады.
Мұнда сіз таба аласыз:
Басты ерекшелігі - «жаңа» (тіркелмеген немесе бұрын белгісіз) орындарда діни рәсімдер мен салт-жоралар өткізу, діни әдебиеттер мен төлбелгілерін сату, миссионерлік қызметтерді іске асыру әрекеттерін анықтағанда, тіркелген пайдаланушылардың өтініш қалдыру мүмкіндігі бар.
Алматыда діндар халықтың тұрақты өсу үрдісі байқалады. Бүгінгі күні қалалық сенушілердің негізгі бөлігін мұсылмандар мен православтық христиандар құрайды.
Мегаполисте 17 конфессияны таныстыратын 179 тіркелген діни бірлестіктер қызмет жасап жатыр. Бірақ есте қаларлық факт - Республика бойынша 18 конфессия бар. Осы жерден шығатын қорытынды бойынша, елімізде бар конфессиялардың 95 % өз діни қызметтерін қандай да бір көлемде біздің қаламыздың территориясында атқарады
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы
Алматы қаласының аумағында қолданыстағы заңнаманың шеңберінде діни саясат саласындағы үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайымы діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу және Алматы қаласының діни бірлестіктермен тиімді өзара қарым–қатынаста болу болып табылады.