Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы


Діни карта
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы
Каз
Рус
Күдікті тұлғалар туралы хабарлау

Жоба жайында
Нормативтік
құқықтық актілер
Дін және қоғам
Анықтамалық ақпарат
Жаңалықтар және бейнетаспа
Өтініш қалдыру


♦ ♦ ♦ ♦
Анықтамалық ақпарат
♦ ♦ ♦ ♦

Діни қызметке байланысты бөлімдер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

  Қысқаша мәлімет:

Қазақстан Республикасының Дін істер және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2016 жылы 13 қыркүйекте құрылды. Министрі - Нұрлан Ермекбаев Байұзақұлы (2016 жылдын 13 қыркүйегінең бастап).салаларындағы өкілеттіктері жүзеге асыру:

  • діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, азаматтардың дін бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету;
  • мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимыл;
  • жастар саясаты;

Мекен-жайы: Орынбор көшесі, 8 «Министрліктер үйі», №15 кіреберіс 
Астана қаласы, 010000, Қазақстан Республикасы 

Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-13-12 

 Электрондық пошта: diakm_rk@mail.ru

 Сайт: https://diakom.gov.kz/kk 

Дін істері комитеті

Қысқаша мәлімет:

Мәдениет және спорт министірлігінің Дін істері комитеті діни қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын ведомствосыбөлімі болып табылады.

Комитеттің негізгі міндеттері мыналар: 

  • діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын iске асыруға қатысады;
  • Қазақстан Республикасы аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлермен рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерттеу мен талдау жүргiзедi;
  • дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз етеді;
  • діни қызмет саласындағы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8

Телефон: +7 (7172) 74-02-77, +7 (7172) 74-92-13

Электрондық пошта: kdr@diakom.gov.kz

Сайт: http://din.gov.kz 

Дін істері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы (Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне бағынысты ұйым).

        Қысқаша мәлімет:

Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы (бұдан әрі – Орталық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 30 қаңтарындағы № 72 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қаулысына сәйкес құрылды. Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері комитеті кезінде бастады.

Орталықтың директоры - Айнұр Әбдірәсілқызы. 

Орталық қызметінің негізгі міндеті Қазақстандағы діни ахуалдың даму үдерістерін талдау бойынша зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, мемлекеттік органдардың қызметін, ұйымдар мен азаматтарды мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласында ақпараттық-талдау және ғылыми-әдіснамалық қамтамасыз ету, дінтану сараптамасын жүргізу болып табылады.

Орталықтың міндеттерді:

         - Қазақстандағы әлемдік және дәстүрлі діндердің теориялық негіздерін зерттеу, сондай-ақ Қазақстандағы діни бірлестіктердің пайда болу тарихы мен даму болашағын зерттеу;

         - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдарына арналған тәжірибелік ұсыныстарды даярлау үшін дін саласында әлеуметтік зерттеулерді, діни ахуалдың жағдайын талдау және болжау бойынша зерттеулерді ұйымдастыру;

         - діни әдебиеттерді зерттеу және талдау;

         - дінтану сараптамасын өткізу және т.б.;

        Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 43.

       Телефон: +7 (7172) 76-72-70.

        Электрондық пошта: niac07@nur.kz

Сайт: http://www.niac.gov.kz 

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы (Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне бағынысты ұйым).

        Қысқаша мәлімет:

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезіндегі көтерген бастамаларын жүзеге асыруға қатысты шара жоспарына сәйкес құрылған.

Орталық басшысы - Әбуов Айдар Парқұлұлы.

Орталықтың міндеттері:

  • мәдениет және дін саласында қоғамдық қатынастарды үндестіру жөніндегі халықаралық тәжірибені зерттеу және оны қолдану;
  • ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;
  • ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар тұрғысынан қазақстандық патриотизмді нығайту;
  • халықтың рухани сауатын ашуға қатысты және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және оларды өткізу.

Мекен-жайы: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 57.
Телефон: +7 (7172) 42-18-61 Телефон: +7 (7172) 42-18-61

Электронный адрес: info@mckr.kz Электрондық пошта: info@mckr.kz

Сайт: http://mckr.kz/ 

«Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекеме

Қысқаша мәлімет:

«Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» Алматы қаласының аумағында қолданыстағы заңнаманың шеңберінде діни саясат саласындағы үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Басқарма басшысы – Есенбеков Айдар Рахымжанұлы.

Міндеттері:

  • азаматтардың діни нанымдар бостандығына құқықтарын қалыптастыру және Алматы қаласының діни бiрлестiктерімен тиімді өзара iс–қимылді іске асыруды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • азаматтардың діни нанымдар бостандығына құқықтарын және діни бiрлестiктермен және миссионерлермен қызметін іске асыру саласында болып жатқан үдерістерді жан–жақты және шынайы зерттеу, жалпылау және талдау;
  • Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік–құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес және Басқармаға Алматы қаласының әкімі жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 2 қабат, оф.247

Телефон: +7 (727) 263-06-14, +7 (727) 263-25-77

Электрондық пошта: ddralmaty@nur.kz

Сайт: http://din-almaty.gov.kz

Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының «Сараптама және зерттеу орталығы»

Қысқаша мәлімет:

Кәсіпорын Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 22 мамыр № 2/392 «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сараптама және зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын құру» туралы қаулысына сәйкес құрылды.

Орталық басшысы – Турабаев Бейбит Батырбекович.

Кәсіпорын қызметінің мәні дін саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсатыАлматы қаласындағы діни ахуалды сараптамадан өткізу, сонымен қоса түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, оф.607

Телефон: +7 (727) 378-46-14, +7 (727) 378-48-06

Электрондық пошта: centr.ddralmaty@mail.ru

Сайт: http://ciaudr.kz/ 

Дін мәселелері бойынша оңалту, алдын алу және кеңес беру «Шаңырақ» орталығы

Қысқаша мәлімет:

Орталық басшысы – Мадияров Мирхат Мұратұлы.

Орталық қызметінің негізгі бағыттары:

  • Алдын алу. Бұл салада қалалық халықтың барлық санаттарын қамтуға және Алматы облысының тұрғындарың ішінара қамту тұрақты және жүйелі жұмыс ұйымдастырған. Алдын алу жұмыстары дәрістер, кездесулер, семинарлар, тренингтер, зерттеулер, сауалнамалар, бейне, аудио және басып шығару өнімдерін құру және таратудан тұрады;
  • Кеңес беру. «Шаңырақ» орталығы негізінде психолог, заңгер және теолог кеңестері (дін бойынша) барлығына тегін ұсынылады. Сондай-ақ, бұл бағытта «қауырт желі» телефонының жұмысы қамтамас етілген.  Сондай-ақ, сарапшы кеңесің «Шаңырақ» орталығының ресми сайты арқылы алуға болады. Сайт, сондай-ақ халықтың алдын алу және ақпараттандыру міндеттерің жүзеге асырады. Сайтпен қатар әлеуметтік желілерде жұмыс ұйымдастырылған.
  • Оңалту. Бұл салада, радикалды және жалған діни ағымдардың іс-жойқынан зардап шеккендерге білікті көмек көрсету үшін жұмыс ұйымдастырылған. Оңалту орталықтың психологиялық және теологиялық бағдарламасына сәйкес мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі: диагностика, түзету / психологиялық және теологиялық көмек, бейімдеу, оқыту.

Мекен-жайы: басты офис Грановского көшесі 96

                     "Шаңырақ" филиалы, Шаңырақ-1 ықшам ауданы, Өтемісұлы көшесі, 109/1

                      "Иманигүл" филиалы, Пушкина көшесі 36 ("Мега-Тау" сауда орталығы, 5 қабат)

Телефон: +7 (727) 263-75-29

Электрондық пошта: shanirak-center@mail.ru

Сайт: http://shanirak-center.kz  

Ақпараттық-кеңестік орталығы «Қауырт желі - 114»

Кеңес беру және елдегі діни қатынастар саласындағы практикалық көмек көрсету Call-орталығы 2013жылы құрылды.

Қазіргі уақытта «Қауырт желі - 114» ақпараттық-кеңестік орталығының Call-орталығы автоматты  телефон станциясының функционалын қамтамасыз ететін бағдарламалық жасақтамасы жаңартылуда, сондай-ақ басқа құралдармен жабдықталуда. Осыған байланысты, азаматтарға діни қатынастар саласында кеңесшілік және тәжірибелік көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (74-09-83) және облыстардың, Астана мен Алматы ққ. жергілікті атқарушы органдарының телефондары арқылы жүгінуге болады. Орталықтың директоры – Юлия Денисенко.

Сайт: http://www.114.kz