Управление
по делам религий
г. Алматы


Религиозная карта
Управление
по делам религий
г. Алматы
Каз
Рус
Оповестить о подозрительных лицах

О проекте
Нормативно
правовые акты
Религия
и общество
Справочная
информация
Новости
и видео
Оставить заявку
на проверку


♦ ♦ ♦ ♦
Новости и видео
♦ ♦ ♦ ♦


Тұрақты айлығы жоқ имамдардың мәселесі шешіледі



26.09.2018

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында  ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын тұрақты айлығы жоқ имамдарға қолдау көрсету шаралары пысықталып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Діни басқарманың ішкі ережелеріне сәйкес, мешіттерге түсетін қаражаттың 30 пайызы орталыққа бағытталады. Өйткені өздерінің әкімшілік шығындары бар, айлық төленеді. Бірақ, кейбір ауылдық жерлерде мүлдем ақша түспейтін мешіттер бар екенін білеміз, сәйкесінше олардың жағдайы да өте нашар. Бұл тұрғыда қол қусырып отырған жоқпыз. Былтыр  «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры құрылған болатын, сол Қордың түскен қаржысының аясында еліміз бойынша 355 шалғай ауылдардағы және түрмеде экстремизм мен лаңкестік баптары бойынша сотталғандармен жұмыс істейтін имамдарға айына 50-ден 80 мың теңгеге дейін үстемеақы төлеп отырмыз», — деді Берік Арын.

< предыдущая следующая >