Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Талибан қыздарға жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын тапсыруға тыйым салды

Талибан билігі әйелдердің білім алуына қатысты тыйымды күшейтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Associated Press сайтына сілтеме жасап.

[ауған әйелдер]

Бұдан былай ауған әйелдеріне университеттерге түсу емтихандарын тапсыруға тыйым салынады.

Ақпан айының соңынан бастап емтихандар өткізетін солтүстік провинцияларының жоғары оқу орындарына министрлік тиісті талаппен хат жолдады.

Ережені сақтамайтын университеттер жауапкершілікке тартылады.

Бұған дейін Ауғанстанда билеуші "Талибан" ұйымы жергілікті және шетелдік үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) әйелдерді жұмысқа жіберуге тыйым салған еді.

 

https://stan.kz/taliban-kizdarga-zhogari-oku-orindarina-tusu-emtihandar-376872/

30.01.2023

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер