Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

“Казпочта” акционерлік қоғамының қызметкерлерімен кездесу өтті

Шілде айының алғашқы күні Алматы қаласы Алмалы ауданындағы “Казпочта” акционерлік қоғамының қызметкерлерімен, «Мониторинг және анализ орталығының» ұйымдастыруымен «Деструктивті жат ағымдар» атты кездесу өтті. Кездесуді Қазақстан-Ресей медициналықуниверситетінің оқытушысы, дінтану мамандығының магистрі Берикбаев Елнар өткізді. Жалпы кездесуге 41 адам қатысты. Кездесу барысында почта қызметкерлеріне жат ағымдардың ықпалы мен қазіргі таңдағы көрінісін таныстырып өтті.

Сондай-ақ олардың қандай іс-қимылға баратындығымен қоса, қарсы болатын іс-әрекеттерін атап көрсетті. Олардың ішінде қазақ халқының салт-дәтүріне қарсы шығып, зайырлы, мемлекеттік мекемелерге қарсы іс-әркеттерімен қоса мектептерде дене шынықтыру, музыка, бейнелеу деген секілді сабақтарды болдырмау керек деп ашық наразылық танытатындығын ескертті. Осындай түсінікте таралып жатқан жат ағымдардан сақтану керек екендігімен, күдікті әрекеттер байқап қалса дер кезінде тиісті орындарға қоңырау шалу керек екендігін айтып өтті. Сонымен қатар семинарда емхана қызметкерлерінің де сұрақтары талқыланды. Намазға немесе Жұма намазға мешітке барғанда бөтен адамдардың қолдан сатып жүрген кітаптарын алмауға және намаз оқуды үйретейін деген секілді жанашырлық әрекеттерінен сақтану керек екендігін түсіндірілді. Ғаламтор желілеріндегі таралып жатқан әр-түрлі уағыздардан сақ болып, тек сұрақтарына жауапты мешіт имамдарынан алу керек екендігі жөнінде кеңестер берілді. Сондай-ақ танысыңыздың немесе туысыңыздан дін туралы түсініксіз әңгімелерін байқасаңыз,уақытында қалалық оңалту орталықтарымен байланысу керек екендігі айтылды. Семинарды қорытындылай келе, кез-келген еліміздің тұрғыны, діни түсініксіз жағдайларға тап болса, сол мезетте діни басқармамен байланысуға шақырды.

12.07.2018

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер