Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Алматыда Елбасы сыйға тартқан Құдай ана Тихвин иконасы шіркеуге жиналғандар алдына шығарылды

Орыс православ шіркеуінің басшысы митрополит Александр Пасха рәсімдерін Алматыдағы Вознесен кафедралды шіркеуінде өткізді.

Мұнда мерекелік қоңырау соғылып, шіркеу келушілері Құдайға құлшылық жасады. Сонымен бірге мереке қарсаңында Президент Нұрсұлтан Назарбаев православ христиандарына сыйға тартқан Құдай ана Тихвин иконасы шіркеуге жиналған халық алдына шығарылды. Пасхада православ христиандары ұзаққа созылған постты аяқтап, мерекелік тағамдар дайындайды. Екінші ғасырдан бері тойланатын діни мейрам Христостың қайта тірілу құрметіне арналған. Пасха – барша жұртты жақындастыратын шынайы ұлық мереке.

07.04.2018

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер