Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Бірлестік Шіркеуі (ағылш. Unification Church) – 1954 жылы Сеул (Оңтүстік Корея) қаласында Мун Cон Мён құрған христиан дінін ұстанатын жаңа діни қозғалыс.

Ресми атауы – «Әлемдік христиандықты біріктіруді жақтаушы Киелі Рух қауымдастығы». Сондай-ақ, муниттер (ағлыш. Moonie) немесе мунистер деген атпен атақты.

Қазіргі дінтануда Мунның ілімі христиандық догматиканың, Шығыс культтерінің, мистикалық, философиялық және харизматикалық элементтердің эклектикалық үйлесімі деп саналады.

Бірлестік Шіркеуінің теологиясы үш Адам мен үш Хауа идеясына негізделген. Бірінші жұпты Құдай жаратты, екінші Адам - Иса Мәсіх болды, ал үшіншісі Мунның өзін білдіреді. Иса Мәсіх өз мақсатын орындамады және адамдарға рухани және физикалық құтқару әкелмеді, жердегі мінсіз әйелге үйленбеді және «кемел» балаларды дүниеге әкелмеді. Бұл миссия Мунға жүктелді, тек ол ғана жастардың жыныстық үйлесімділігін анықтайды және жаппай неке қиюды жүзеге асырады.

Мунның іліміне сәйкес, адамзаттың бүкіл тарихы үш сатыдан (кезеңнен) тұрады:

- бірінші кезең – адамзат ұрпағы қалыптасқан «Авраамның дәуірі»

- екінші кезең – адамзат бүгінгі өркениетке дейін дамыған «Иса Мәсіх дәуірі».

- үшінші кезең – Мунның ойынша, Иоанн Шоқындырушы сатып кеткендіктен Иса Мәсіх өз мақсатына жете алмауына байланысты «Шынайы отбасын» құру мақсатында «киелі миссияны» орындау үшін«Мунның дәуірі» басталады. Сондай-ақ, Мунның пікірінше Хауаның шайтанмен зина жасап, Қабылды дүниеге әкеледі. Қабылдың ұрпағы «зұлымдық қызметшілері» болады. Қабыл өз бауыры Әбілді өлтіреді, Әбілден тараған ұрпақ «жақсылық қызметшілері» болады. Сондықтан, Мун адамдарды «шайтаннан» босату үшін Жерге өмірге келді.

Мунның пікірінше, Иса Мәсіхті күнә жасаудан еркін «қарапайым адам» ғана.         

Мунистер Інжілді ақиқат деп есептемейді, тек ақиқатты зерттейтін оқулық деп санайды.

 Бірлестік Шіркеуі спиритизмге деген сенімді, яғни өлгендердің жанымен байланыс жасау қолдайды. Спиритизм сеанстары рухани әлемдегі қайтыс болған ата-бабалардың жағдайын жақсартады деп санайды. Бұл дінді ұстанушылар үшін Мунның жазбалары, ең алдымен «оның Құдайлық принципі» және «Құдайлық принципті қолдану» кітаптары шынайы мәртебе  болып саналады. Сонымен қатар, Мунның 400-ден астам томдық рухани нұсқаулары жарық көрді.

Бірлестік Шіркеуі жаппай некеге тұруды іске асырады, олардың ішіндегі ең үлкені:

- 2000 жұп (1982, АҚШ, Нью-Йорк);

- 6516 жұп (1988, Оңтүстік Корея, Сеул);       

- 300 000 жұп (1992, Оңтүстік Корея, Сеул);

- 13 000 жұп (1992, АҚШ, Нью-Йорк).

 Бұл діни ұйым бірқатар қоғамдық бірлестіктер мен ғылыми-зерттеу мекемелерін құру арқылы коммерциялық, діни, білім беру, саяси қызметпен айналысады.

Ғылыми-дінтану және сараптамалық ортада Мунның іліміне қатысты ұқсас пікірлер бар.

Қазақстанда Алматы қаласының аумағында тіркелген Әлемдік христиандықты біріктіру үшін Киелі Рух қауымдастығының жалғыз діни бірлестігі жұмыс істейді.

Алматы қаласының діни бірлестіктері туралы толығырақ ақпарат осы сайттың тиісті бөлімдерінде және интерактивті картада орналастырылған.

 

Церковь объединения (мунисты, или Ассоциация Святого Духа за объединение Мирового Христианства) образована в 1954 г. в Корее Сон Мён Муном (род. 1920 г.).

Діни ғимараттар

Толығырақ

Басшылары

Толығырақ

Миссионерлер

Бұл бөлімде Алматы қаласындағы миссионерлердің тізімі жинақталған

Толығырақ

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер