Управление по делам религий города Алматы

В честь 20-летия города Астаны среди прихожан мечетей города проходили соревнования по казах курес.

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына орай қала мешіттерінің жамағаты арасында 75 кг-ға дейін жəне 75 кг жоғары салмақ дəрежесінде Қазақ күресінен жарыс өтті. 
Іс-шараға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы А. Есенбеков, қалалық Орталық мешіттің найб имамы Е. Көкрекбаев, мешіт имамдары мен қаламыз мешіттерінің жамағаты қатысты. 
Іс-шара басында А. Есенбеков сөз алып, барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, қатысушыларға сəттілік тіледі.
Жарыста 40-қа жуық балуан күш сынасып, бабы мен бағы келіскен мықтылар жеңімпаз атанды. Сонымен, 75 кг дейінгі салмақ дəрежесінде 1 орынды Б. Жайсанбаев ( Таугүл мешіті), 2 орынды Е. Сихаев ( Ақсай мешіті), 3 орынды Б. Динбаев жəне Т. Күзембай (Əскер ата мешіті) иеленді. Ал, 75 кг жоғары салмақ дəрежесінде 1 орынды С. Қорапасбаев ( Ақсай мешіті), 2 орынды Д. Сейітов ( Фатима мешіті), 3 орынды Х. Ермекбаев (Əскер ата мешіті) жəне Ғ. Ибрагим (Ибрахим мешіті). Жалпы 1 орын иегеріне 250 мың тг., 2 орын иегеріне 125 мың тг. жəне 3 орын иегерлеріне 50 мың тг. берілді. Бұдан басқа, өзге де қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Жүлде қоры 1 млн.тг. құрады.

15.07.2018

Скачайте удобное мобильное приложение

Быстрый и простой поиск религиозных объекта в городе Алматы.

Партнеры