Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы
Мұнда конфессиялардың ресми тізімін таба аласыз
Картада толық ақпараты бар барлық ғибадат орындары көрсетілген
Алматы қаласындағы миссионерлер мен олардың қызметі туралы ақпарат
Түрлі бағыттағы діни ғимараттардың дерекқоры жиналған

Интерактивті картаның жобасының мақсатын сипаттау

Интерактивті діни карта - қаланың діни ахуалына мониторинг жасауға оңтайландыруға, сондай-ақ қалалықтарды мониторинг процесіне тартуға бағытталған бірегей жоба.

Сайт мерзімді жаңартулар мен түзетулер жасалынып тұратын құрылымдық деректер қоры ретінде құрылған.

Мұнда келесі мәліметтерді аласыз:

  • Барлық 190 тіркелген діни бірлестіктерді;
  • миссионерлердің қызмет саласын;
  • діни әдебиеттер мен атрибутиканы сататын тіркелген орындарды (дүкендерді)
  • діни әдебиеттер мен атрибутиканы сататын тіркелмеген орындарды (дүкендерді)
  • дәстүрлі емес ағым ұстанушыларының ең көп шоғырланған жерлері;
  • ғибадат орындарынан тыс намаз оқитын бөлмелер, оның ішінде рұқсатсыз жұмыс істейтін намазханалар.

Жобаның басты ерекшелігі - «жаңа» (тіркелмеген немесе белгісіз) орындарда діни рәсімдер мен ғұрыптарды өткізу, діни әдебиеттер мен атрибуттарды сату, миссионерлік қызметтерді іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды анықтау кезінде, тіркелген пайдаланушылардың өтінім қалдыру мүмкіндігінің болуы

Өтініш қалдыру

Қаладағы жағдай

Алматыда халықтың діндарлығының тұрақты өсу үрдісі байқалады. Бүгінгі таңда қала тұрғындарының негізгі бөлігі мұсылмандар мен православие христиандарынан тұрады.

Мегаполисте 17 конфессиядан құралған 190 тіркелген діни бірлестік жұмыс істейді. Республика бойынша барлығы 18 конфессия бар екендігі ерекше назар аудартады. Бұдан шығатыны, елдегі барлық конфессиялардың шамамен 95% - ы белгілі бір дәрежеде біздің қаламыздың аумағында өздерінің діни қызметін жүзеге асыруда.

Өтініш қалдыру

Жобаны қолдау

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Біз үшін сіздердің тек өзекті деректерді алуларыңыз өте маңызды, сондықтан егер сіз дұрыс емес деректерді немесе дерекқорда жоқ нысанды көрген болсаңыз, бізге хабарласыңыз және біздің мамандар сізбен байланысу арқылы деректердің дұрыстығын тексереді немесе жаңа нысанды анықтайды.

Толығырақ

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер