Управление по делам религий города Алматы

Алматы тұрғындарына экстремизм мен терроризм қаупі түсіндірілді

Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасы мен «ҚР лаңкестік және экстремизм  мәселелерін зерттеу орталығы» ҚҚ Алматы қаласының  тұрғындарына діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру заңнамалық нормаларын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудың заңнамалық нормаларын халыққа түсіндіру жұмыстары базарлар мен ірі сауда орталықтарында жүргізілді. Атап айтсақ,  Тастақ, Арыстан, Байсат, Ялян, Жібек жолы базарлары мен Мегатау сауда орталығында өтті. «Алматы үлкен мегаполис, мұнда неше түрлі адамдар келеді. Халық  көп жүретін  жер - базарлар мен сауда орталықтары. Сондықтан, жоспарлы шарамызды  осы жерлерде  өткізуді ұйғардық. Халыққа экстремизм мен терроризм қаупін барынша  түсіндірдік. Жат ағымдағы адамдарға алданып қалмаудың жолын, діншіл және дінге сенбейтін адамдардың құқықтары туралы  айттық», - дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистрі Нұрлан Орынбеков  Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасы мен «ҚР лаңкестік және экстремизм  мәселелерін зерттеу орталығы» ҚҚ  мамандары  тұрғындар мен қала қонақтарына экстремистік және лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды ғаламторға салып, әлеуметтік желілерде таратқан адамдар қылмыстық және әкімшілік  жауапкершілікке тартылатынын айтты. Сондай-ақ, экстремистік ағымдардың идеологиясына түсінік берді.


Дереккөз https://www.inform.kz/kz/almaty-turgyndaryna-ekstremizm-men-terrorizm-kaupi-tusindirildi_a3547265

12.07.2019

Скачайте удобное мобильное приложение

Быстрый и простой поиск религиозных объекта в городе Алматы.

Партнеры