Управление по делам религий города Алматы

Заңды білмеу адасуға әкеледі - дінтанушы

Қазақстанда жат ағым жетегінде кетіп жатқандардың көпшілігі заңды дұрыс білмегендіктен от басып жатыр. «Тәртіп» АҚ жұмысшыларымен кездескен ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, дінтанушы Кәкімжан Бишманов осылай дейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл кездесуді «Қазақстандағы экстремизм және терроризм мәселелерін зерттеу орталығы» Қоғамдық қоры мен қалалық Қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырды. Дәрісті бастамас бұрын дінтанушы жиналғандардың қайсысы соңғы рет Конституцияны қолына алғанын сұрады. Залдағы 15 адамның ішінен 2 адам ғана қол көтерді. «Конституцияны соңғы рет қолына ұстаған кім бар? Ата заңымызды оқып шығу қиын емес. Бір оқығаннан түсінуге болады. Бұл заңда кез келген Қазақстан азаматының білім алуға құқығы бар делінген. Алайда, бұл құқыққа қалайша қол жеткізуге болады? Мұның барлығы ҚР Білім туралы заңында кеңірек айтылған. Одан әрі сіз түскен университет ережесі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бар. Құқық жүйесі «заң, бұйрық, үкімет қаулысы, ереже» деген тізбекпен осылай қалыптасады. Тура сол сияқты діни сенімге келсек, конституция бойынша әр азаматтың діни сеніміне бостандық берілген. Бірақ ата заңымызда қалай бекітілгені жазылып тұрған жоқ. Бұл құқықтық нормалар ҚР «Дін қызметі және діни бірлестіктер туралы» заңымен, үкіметтің қаулысымен, концепция, бағдарламаларымен, министр бұйрығымен, одан кейін әр мешіттің немесе діни ұйымның ұстанымдарымен реттеледі. Алайда олардың ұстанымдары, ежерелері, заңға қайшы болмауы керек. Мұның бәрі - мемлекеттік тұтас жүйе», - деді Кәкімжан Бишманов. Оның айтуынша, Қазақстанда жат ағым жетегінде кетіп жатқандардың көбі заңды білмегендіктен, сауатының төмендігінен от басып жатыр. «Біздің елде қоғамдық тәртіп құқықтық және құқықтық емес ережелермен реттеледі. Құқықтық емес ережелер – бала кезімізден ананың сүтімен, әкенің тәрбиесімен дарыған моральдық ұстанымдар. «Біреудің ала жібін аттама», «бөгденің затын ұрлама», «адам өлтірме» деген сияқты ар-ұят ұстанымдары - заңды білмесе де ішкі түйсікпен әр адам ұғынатын ережелер. Мәселен, ата-анасын құрметтемеу, алдынан қия өту, қарсы шығу, басқа адамдарды абырой санау адасуға әкелетіні сөзсіз. Жат ағым жетегінде кетіп жатқан жастардың көпшілігі заңды білмегендіктен, сауатының төмендігінен от басып жатыр», - деді спикер. Сонымен қатар, дінтанушы-маман экстремизм түрлерін жіктеп, одан қандай қауіп төнетінін айтты.



25.09.2019

Скачайте удобное мобильное приложение

Быстрый и простой поиск религиозных объекта в городе Алматы.

Партнеры