Управление по делам религий города Алматы

Дін саласында әйелдер ұйымының көзге түсерлік жұмысы байқалмайды – вице-министр

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов еліміздегі дін саласында әйелдер ұйымының көзге түсерлік жұмысы байқалмай отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, біздің елімізде отбасылық, гендерлік мәселелермен айналысатын 77 үкіметтік емес ұйым бар екен. Бірақ, көз жүгіртсек, бірде-біреуі дін саласына аса атсалысып жатқан жоқ секілді. Облыстарда оларға 235 млн теңге бөлінеді екен. 126 жоба іске асырылып жатыр. Біздің орталықта да отбасылық құндылықтарға байланысты деңгейде де бірнеше жоба бар. Ал бірақ, оның айтарлықтай көзге түсерлік жұмысын, әсерін де көріп отырған жоқпыз. Біздің мақсатымыз - діни радикализмнің алдын алу. Бұл салада елімізде қордаланған мәселелер көп. Оның ішінде мысалы кешегі «Жусан» операциясымен елге келген 150 әйелдің тағдыры. Ол кісілер – жүрегі жараланған азаматтар. Көбісі еріксіз кеткен», - деді Марат Әзілханов елордада өтіп жатқан «Жастарды рухани, адамгершілік тәрбиелеудегі және радикалды діни идеологияға иммунитетті қалыптастырудағы әйелдер ұйымдарының рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда.

Вице-министрдің айтуынша, Сириядан келген әйелдермен жұмыс жүргізу керек.

«Негізі өзіміздің арамыздан әйелдер ұйымдары жұмыс істесе дейміз. Одан қалды сол жақта қаза тапқан ер кісілердің отбасылары, балалары мен әйелдері бар. Әртүрлі жағдаймен абақтыға түскендердің отбасылары мен әйелдері бар. Одан қалды біздің өңірлерде әйелдер жамағаты барын жасырудың керегі жоқ. Ол да дұрыс шығар. Ешқандай ренжитін сөз емес шығар – әйелдер өздері бірігіп, жамағат болып жатыр. Ол да белгілі жай. 5 мыңға жуық сондай кісілер бар елде. Алайда көп жерде олар жабық түрде бір-бірімен араласады. Сыртпен байланысы жоқ. Өздерімен өздері жүреді. Қиындықтары бар. Жұмыс таппай, балаларын балабақшаға орналастыра алмайды. Олармен де жұмыс жүргізу керек. Жалпы, қоғамға дін саласындағы бар қауіп-қатерлерді меніңше, әйелден артық ешкім жеткізе алмайтын сияқты», - деді Марат Әзілханов.

26.09.2019

Скачайте удобное мобильное приложение

Быстрый и простой поиск религиозных объекта в городе Алматы.

Партнеры