Управление по делам религий города Алматы

Радикалды топтар қарапайым халықтың миын улап жатыр

«Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ҚҚ төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Кәкімжан Бишманов «Сымбат» дизайн және технология академиясының колледж студентерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәкімжан Бишманов, «Сымбат» дизайн және технология академиясының колледж студенттеріне дәни экстремизм мен терроризмнің қаупін түсіндірді.

«Терроризм – ең қауіпті қылмыс саналады. Бұл халықаралық сипат алған қорқынышты құбылыс. Терроризм әртүрлі мемлекеттер, топтар арасындағы келіспеушілікті шешу үшін қорқыту және қырып-жоюдың құралына айналып отыр. Терорлық әрекеттер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктіретін екі түрлі элемент бар. Біріншісі, терроризм мемлекеттік билікті күйретуге бағытталған; екіншісі мақсат – терроризмді жүзеге асыру арқылы, яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттерімен қарапайым тұрғындардың бойына үрей ұялату болып отыр»,- деді Кәкімжан Бишманов.

Оның айтуынша, қазір бүкіл әлем осы терроризмен күресіп жатыр. Соның ішінде Қазақстан да бар. Діни терроризм қаупін болдырмау мақсатында түрлі іс-шаралар қолға алынды. Экстремизм мен терроризмнің алдын-алу жұмыстары Алматыда да қарқынды жүріп жатыр.

«Өкінішке орай, терроризм мен экстремизм біздің мемелекетті де айналып өтпеді. Ол еліміздің тәуеліздігіне, оның қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке үлкен зиянын тигізеді. Ол ол ма, экстремизм конституциялық қоғамды жою немесе жағдайды ушықтыру мақсатында көбінде дінді пайдаланады. Ал сіздер білесіздер ешқандай дін теріс пиғылды құптамайды. Радикалды топтар қарапайым халықттың миын улап жатыр. Соның жетегіне көбіне өздерің сияқты жастар еріп кетеді. Сондықтан діни эктремизм мен терроризмнен сақ болыңыздар»,- дейді «ҚР лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ҚҚ төрағасы К.Бишманов.

Бишмановтың пікірінше, әлеуметтік желілердің ашықтығы, онда экстремисттік сипаттағы хабарламалар мен тыйым салынған әдебиетті орналастыру мүмкіндік тудырады. Радикалды ұйымдар өз жақтастарын ғаламтордан тауып жүр.

«Осында отырған жастардың барлығы 100% әлеуметтік желіде отырасыздар. Түрлі сайттарға да кіресіздер. Оған ешкім тиым сала алмайды. Десекте, күмән тудыратын сайттардан абай болыңыздар. Дінді түсіну оңай емес. Ол көп білімді қажет етеді. Сондықтан, әр нәрсеге байыппен қараған жөн. Сіз болмасаңызда қасыңыздағы досыңыз, курстасыңыз немесе туған туыстарыңыздың біреуі осы жат ағымның жетегіне кетсе, сол бір адам қаншама адамның обалына қалуы мүмкін»,- деп қосты Кәкімжан Бишманов.

Кездесуге келген жастардың басым бөлігі діни эктремизм мен терроризмнен хабардар болып шықты. Олар профессорға сәләфизм мен ваххабизм дегеніміз не? «Дәстүрлі ислам» және «Исламдық радикализм» деген ұғымдар жайлы сұрақтар қойды.

Бұл сауалдарға Кәкімжан Бишманов ұғынықты тілмен жауап берді.

«Сөз соңында айтарым, саналы да еркін болыңыздар, өздеріңізді алдауға жол бермеңіздер. Өмірге ашық көзбен қарап, оның жолымен батыл аяқ басып жүріңіздер»,- деп кездесуді қортындылады.

26.09.2019

Скачайте удобное мобильное приложение

Быстрый и простой поиск религиозных объекта в городе Алматы.

Партнеры