Управление по делам религий города Алматы

Экстремистер мен террористерге қандай жаза қарастырылған?

Экстремизм мен терроризм десе қоғам оны дінмен байланыстырып жатады. Кейбір мамандардың пікірінше оған батыс елдеріндегі белгілі бір саяси күштердің өздерінің қылмысты істерін жасыру мақсатымен қоғамдық пікірді дінге қарай бұрып жіберуі себеп дейді. Өйткені, әлемдік діндердің қайсысын алып қарасаңыз да, онда адамға зорлық-зомбылық жасау былай тұрсын, жануар, жәндіктің өзіне қиянат жасауға тыйым салады.

Сонда қандай іс-әрекеттер терроризм, экстремизм деп танылады? ҚР-ның Заңында оған қандай жаза түрлері тағайындалған? Неліктен экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мемлекеттік деңгейде қолған алынған? Және бүгінгі күні қандай алдын алу іс-шаралары атқарылуда?

2005 жылы 18 ақпанда елімізде 31 нөмірлі «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданған болатын. Сол Заңға сәйкес экстремизм дегеніміз:

· конституциялық құрылысты күшпен өзгерту;

· жеке және (немесе) заңды тұлғаның, белгiленген тәртiппен экстремистiк деп танылған ұйымдар атынан жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң келесі әрекеттерді ұйымдастыруы және (немесе) жасауы;

· Қазақстан Республикасының егемендігін, оның аумағының тұтастығын, қолсұғылмаушылығын және бөлінбестігін бұзу;

· мемлекеттiң ұлттық қауіпсiздiгі мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру;

· билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру;

· заңсыз әскерилендірілген құралым құру, оған басшылық ету және оған қатысу;

· қарулы бүлік ұйымдастыру және оған қатысу;

· әлеуметтік, тектiк-топтық алауыздықты өршіту (саяси экстремизм).

· нәсілдiк, ұлттық, рулық алауыздық, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды (ұлттық экстремизм);

· азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни экстремизмдi) көздейтiн әрекеттер ұйымдастыру және (немесе) жасау.

Терроризм – күш қолдану, зорлық-зомбылық идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету практикасы.

Бүгінгі күні мемлекет экстремистік және террористік көріністердің алдын алу, ескерту, анықтау және жолын кесу бойынша кешенді шаралар жүргізуде.

Мәселен, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу үшін «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 және 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалар» бекітіліп, түрлі алдын алу шаралары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы тарапынан мектеп оқушылары, студенттер, базардағы жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық өкілдері арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша түрлі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Яғни дінтанушылар, теологтар мен психолог, заңгерлердің көмегімен қоғамның радикалды діни идеологияға қарсы иммунитетін қалыптастыру жұмыстары қолға алынған.

Террористер мен экстремистерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қатал жаза тағайындаған. Мұндай қылмыстар үшін жазаның келесі түрлері белгіленген:

· терроризм актісі (жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болу қаупін туғызатын өзге де әрекеттер жасау, елеулі мүліктік залал келтіру), сондай-ақ көрсетілген әрекеттерді жасау қауіп-қатері үшін мүлкі

тәркіленіп, 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы;

· терроризмді насихаттағаны немесе оған жария түрде шақырғаны (көрсетілген мазмұндағы материалдарды дайындағаны, сақтағаны немесе таратқаны) үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы;

· террористік не экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге немесе экстремизмге өзге де көмек (ақшаны және (немесе) басқа мүлікті беру немесе жинау, меншік құқығына немесе мүліктік артықшылықтар, сондай-ақ сыйлық, садақа, қайырымдылық, қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету немесе қаржылық қамтамасыз ету үшін жеке тұлғаға немесе адамдар тобына немесе заңды тұлғаға олардың қызметiнiң террористiк немесе экстремистiк сипаты туралы бiле тұра қызмет жасаған адам) мүлкi тәркiлене отырып, 5 жылдан 9 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы;

· қоғамдық немесе діни бірлестіктің экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар қызметін ұйымдастырғаны үшін бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу арқылы;

· экстремистік топ құрғаны үшін сондай-ақ оған басшылық еткені үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы беріледі, ал экстремистік топтың қызметіне немесе ол жасаған қылмыстарға қатысқаны үшін мүлкі тәркіленіп, 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы;

· Террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіргені не дайындағаны не қаруландырғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы;

· адамның террористік немесе экстремистік қылмыс жасау шеберлігі мен дағдыларын игеруге бағытталған білім алушы үшін көрінеу,

оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде даярлықтан өткені үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Егер досыңыз не танысыңыз, болмаса туысыңыз экстремистік, террористік не радикалды көзқарастағы қандай да бір діни ұйымға кіріп кеткен болса немесе оны сондай діни ұйымдар төңіректеп жүрсе, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығының» (Төлебаев көшесі, 38, телефон: 8-778-428-0468, 8-778-514-4749) телефонына хабарласыңыз. Бұл орталықта зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетіліп, деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Дереккөз: https://sn.kz/sn-akparat-agyny/73208-ekstremister-men-terroristerge-kandai-zhaza-karastyrylgan

22.09.2020

Скачайте удобное мобильное приложение

Быстрый и простой поиск религиозных объекта в городе Алматы.

Партнеры