Ағымдағы жылдың 29 және 30 қазан күндері Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының "Дін мәселелрін зерттеу орталығы" "Арыстан" базары, "Мегатау" сауда орталығы, "Аэровокзал" сервис орталығының жалға алушыларымен және қаланың №1 троллейбус паркінің қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін ұйымдастырды.
Аталған іс-шараларда Тұрсынғали Әліп, Марал Ақшабай, Ерлан Тұрғымбаев және Елнар Берікбаев секілді қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері болып табылатын дінтанушы-сарапшы мамандар дәріс оқыды.
Кездесулер барысында тыңдаушылар діни фундаментализм мен деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі, толеранттылық пен тату көршіліктің ұлттық рухани құндылықтарын сақтаудың маңыздылығы туралы бірқатар пайдалы ақпарат алды.