Управление по делам религий города Алматы

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында «Social Development Center» қоғамдық қорымен халық арасында Қазақстан Республикасының зайырлылық қағаидаттарын түсіндіруге бағытталған шаралар ұйымдастырылуда.

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында
«Social Development Center» қоғамдық қорымен халық арасында Қазақстан
Республикасының зайырлылық қағаидаттарын түсіндіруге бағытталған
шаралар ұйымдастырылуда. Дін саласындағы білікті теолог, дінтанушы және психолог мамандардың қатысуларымен қала аумағындағы жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының студенттерімен онлайн форматта кездесулер өтуде.
Атап айтқанда:
— 2021 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан-Ресей медициналық
университетінің студенттерімен арналған «Қазақстандық қоғам үшін
зайырлы ұстанымның маңыздылығы» тақырыбында;
— 2021 жылдың 16 сәуірінде Туризм және қонақжайлылық
индустриясы колледжінің студенттерімен «Зайырлы мемлекеттің құндылықтары» тақырыбында;
— 2021 жылдың 16 сәуірінде Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің студенттерімен «Қазақстан Республикасындағы зайырлылық принциптері» тақырыбында;
— 2021 жылдың 20 мамырында Алматы Мемлекеттік бизнес колледжі,
Республикалық жоғары медициналық колледжі және Алматы технологиялық университетінің студенттерімен «Қазақстандық қоғам үшін зайырлы ұстанымның маңыздылығы», «Зайырлы мемлекеттің құндылықтары» тақырыптарында;
— 2021 жылдың 21 мамырында Алматы Қазақ-түрік гуманитарлық-
технологиялық колледжінің студенттерімен «Қазақстандық қоғам үшін
зайырлы ұстанымның маңыздылығы» тақырыбында кездесулер
ұйымдастырылды.
Аталған шараларда дәріскер ретінде әл-Фараби ҚазҰУ оқытушысы,
философия ғылымдарының кандидаты Кантарбаева Жанна Орынбасарқызы, PhD докторант, Әл-Фараби ҚазҰУ аға оқытушысы Берікбаев Елнар Ғалымжанұлы, PhD докторант, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы, сондай-ақ дінтанушы, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Әліп Тұрсынғали Төреғалиұлы секілді білікті мамандар қатысып,
тыңдаушылармен дінге қатысты бірқатар пайдалы ақпараттарымен бөлісті.
Сонымен қатар, іс-шаралар барысында мамандар зайырлы мемлекет
ұғымы және ондағы діннің орны, зайырлылық пен конфессияаралық келісім қағидаттарының маңыздылығы, қазақстандық қоғамның рухани-мәдени құндылықтары мәселелеріне тоқталып өтті.
25.05.2021

Скачайте удобное мобильное приложение

Быстрый и простой поиск религиозных объекта в городе Алматы.

Партнеры