Управление по делам религий города Алматы

Діннің атын жамылған деструктивті топтар талайдың санасын улап, мыңның миын айналдырды. Адасушылар атойлап шекара асты.

Діннің атын жамылған деструктивті топтар талайдың санасын улап, мыңның миын айналдырды. Адасушылар атойлап шекара асты. Мемлекет шұғыл әрекетке көшіп, экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша министрлік, агенттіктер құрылды. «Жусан» операциясы ұйымдастырылды. Адасқандарды елге қайтарды.

Мемлекет адасқандарды түрмеге қамап, тар қапаста ұстап қана отырған жоқ. Олардың санасын түзеп, ұғымын дұрыс қалыптастырып, қатарға қосылуына әрекет етіп жатыр. Біз осы тұрғыда олардың жайы қандай? Күйі нешік? Беті түзелді ме? Санасы өзгерді ме? Қандай өзгеріс бар? деген секілді сауалдар төңірегінде жазаланушыларға дәріс беріп, олармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жүрген Қанат Өтебаевпен әңгімелескен едік. Әңгіменің алғашқы ауаны жалпы ахуалдан басталды:

— Қазақ айтады: «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң…» немесе «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» деп. Артына қаншама соқпақ тастап, қаншама қазақстандық азаматтар шетелге кетті. Отбасын, ата-анасын жылатып кетті, бірақ олардың істеп жүргендері жақындарының, ата-анасының бір тамшы көз жасына тұрмайтынын білмеді ғой. Осындай ерлер де, әйелдер де бар. Осы бес жылдың ішінде қаншама адасқан тағдырларды көрдім».

Осы тұста Қанат мырза көрген тағдырлардың адасуына себеп болған жайтты нақтылай түсуін өтіндік.

Мысалыға осыдан бес жылдай бұрын Ақтөбеде қиын оқиға болды ғой. Олар аңшылық дүкенге кіріп, қару алып, бейбіт елді атқаны белгілі. Олардың бәрі түрмеде отыр. Солармен сөйлестім. Олар айтады. Сол кезде бір бөлмеге барлығы жиналған. Ешқандай тамақ болмаған, тек қана су ішіп отырған. Бір кезде біреуі аңшылық дүкенде тұрғанда есін жинайды. Екіншісі қолында мылтығы бар «Алаһу акбар» деп көшеде тарсылдатып адам атып жүргенде, «мен не істеп жүрмін?» деп есін жинайды. Бұл жерде діннен басқа да дүниелер тұр. Гипноз болуы мүмкін.

Тіпті бұның бизнес екенін дәлелдейміз. Жанына тиетін қарапайым мысал келтіреміз. Егер өзің өлсең, ертесі қатыныңды біреудің астына еш ойланбастан салып бере салатын айтамыз. Бұл шындықты айтқанда, көбісі көзімен көргеннен кейін біздің сөзімізге иланбасқа, өз істерінің қате екенін мойындамасқа амалы қалмайды» — деп түйіндеді, сөзін Қанат Өтебаев. 

26.05.2021

Скачайте удобное мобильное приложение

Быстрый и простой поиск религиозных объекта в городе Алматы.

Партнеры