Управление по делам религий города Алматы

ИНФОРМАЦИЯ о проведенной работе Центра консультации и реабилитации при Управлении по делам религий г. Алматы за май месяц 2021 года.

Кеңес беру және оңалту орталығының» 2021 жылдың мамыр айында атқарған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» (бұдан әрі — Орталық) ағымдағы жылдың мамыр айында теолог және психолог мамандардың қатысуымен деструктивті діни ағым ықпалында жүрген 91 адаммен (53 ер және 38 әйел) 91 кездесу онлайн түрде (еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты) жүргізілді.
Сұхбат барысында қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары, қазақ қоғамындағы ислам дінінің, соның ішінде Әбу Ханифа мазхабы мен Матруди ақидасының рөлі мен маңызы, деструктивті діни ағымдардың теріс түсініктері мен оның ықпалынан шығу жолдары, зайырлы қоғам түсінігі туралы және т. б. оңалтуға бағытталған ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/18; ЛА-155/13; ЛА-155/6 түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан 57 азаматпен 28 жеке және 2 топтық кездесу өткізілді.
 
07.06.2021

Скачайте удобное мобильное приложение

Быстрый и простой поиск религиозных объекта в городе Алматы.

Партнеры