Управление по делам религий города Алматы

Зайырлылық – мемлекет пен ұлт тұтастығының кепілі

Зайырлылық – қоғам өмірін құқықтық тұрғыдан реттеп, ұлттық рухани құндылықтардың сақталуы мен дамуына жағдай жасайды. Ұлттық таным мен елге, жерге деген құрмет сезімін қалыптастыратын зайырлылық ұстанымы – мемлекеттің жан-жақты дамуының кепілі. Сондықтан бүгінгі адамзат қоғамына тән өзгермейтін құндылықтардың бірегейі де сол зайырлылық. Бұл ұстаным көптеген қоғамдарға және ұлттарға ежелден етене тән.
Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыздың кіндігі кесілді, туған жердің топырағында өмір сүрді. XX ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа мыңжылдықтың табалдырығынан аттаған Қазақстан өзінің барша төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін, қызық та қилы тарихын әлем халықтарының алдына жайып салып, жаңа өмірді жаңғыртып, еңбек пен мәдениеттің салтанат құруы үшін, келісімі жарасқан өркениеттің адамзатпен бір сапта болуы үшін жаңаша өмірге қадам басты.
«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» деп аталатын Мемлекет басшысының жолдауынан еліміздің жаңа бағыт түзеп, дамудың даңғыл жолына түскенін көріп отырмыз. Тәуелсіз еліміздің ең алдымен, сан түрлі ұлттардан және конфессиялардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты.
Еліміз зайырлы мемлекет ретінде азаматтарымызға, ұлтымызға, халқымызға ар-ождан бостандығын бере отырып, белгілі бір дінді таңдауға мүмкіндік ұсынды. Ең алдымен, ол – Тәуелсіз Қазақстанның азаматы, себебі кез келген азаматтың бойында діни құндылықтармен қатар азаматтық, елдік, патриоттық қасиеттер бар. Ол өзінің діни наным-сенімі мен бойындағы құндылықтарын азамат ретінде еліне, ұлтына арнайды. Сондықтан діни сенім мен азаматтық қасиеттерді және ұлттық қүндылықтарды ешуақытта бір-біріне қарсы қоюға мүлдем болмайды.

Жалғасы сілтеме арқылы: https://kazislam.kz/zajyrlylyq-memleket-pen-ult-tutastyghynyng-kepili/

13.06.2022

Скачайте удобное мобильное приложение

Быстрый и простой поиск религиозных объекта в городе Алматы.

Партнеры