Управление по делам религий города Алматы

ҚМДБ іскерлік костюмдер «көгілдірлерге» арналған деген ақпаратты жоққа шығарды.

Жақында әлеуметтік желілерде діни қызметкерге ұқсас киінген ер адамның шлицасы бар костюмдерді «көгілдірлер» киген деген мәлімдемесі таралған болатын.

Аталған бейнеролик көптеген парақшаларда таралып, оқырмандардың наразылығын тудырды. Желі қолданушыларының басым көпшілігі ер адамның сөзімен келіспей, діннен бездіретін әрекет жасады деп айыптады.

Malim.kz ақпараттық порталының мәліметіне сәйкес, атышулы роликке қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуә бөлімінің маманы Ерғали Байділдаев:

«Бұл адамның айтқанының бәрі бос сөз. Ислам дінінде шлицасы бар пиджакты киюге ешқандай тыйым жоқ. Бұлай пікір білдірген ер адам қателеседі және ол мүфти де имам да емес», - деп, өз пікірін білдірді.

20.08.2022

Скачайте удобное мобильное приложение

Быстрый и простой поиск религиозных объекта в городе Алматы.

Партнеры