Управление по делам религий города Алматы

Атырауда «Таблиғи жамағаттың» уағызшысы құрықталды

Атырау қаласында «Таблиғи жамағат» діни-экстремистік ұйымының уағызшысы ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Polisia.kz мәліметінше, «Таблиғи жамағат» діни-экстремистік ұйымының идеологиясы мен идеяларын таратты деген күдікпен ер адам ұсталды. Үндістан мен Пәкістаннан шыққан бұл экстремистік ұйымның бағыты идеологиясы азаматтық құқықтар мен міндеттерден, яғни ата-анаға қамқорлық, балаға тәрбие мен білім беру тіпті тұрақты жұмыс істеу сияқты құқықтар мен адамның қарапайым қалауынан бас тарту арқылы үздіксіз миссионерлік қызметке негізделген.

Айта кетейік, ұйым Қазақстанда экстремистік деп танылып, моральдық әрі дәстүрлі құндылықтарға қауіп ретінде сот арқылы тыйым салынған. Жедел-іздестіру нәтижесінде ұсталған азаматтың мешіттерде діндар жастармен әдейі танысып, артынан оларды үйіне шақырып, экстремистік әрекеттерге тарту мақсатында «Таблиғи жамағат» идеологиясын насихаттағаны анықталды.

44 жастағы күдіктінің үйін тінту барысында діни мазмұндағы кітаптар мен электронды материалдар тәркіленді. Сонымен қатар, ол бұған дейін де осы экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған. Экстремизмді жүзеге асыруға қатысты сот шешімімен тыйым салынған діни ұйымды ұйымдастыру және оның қызметін тарату белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Дереккөз: orda.kz

 
10.12.2024

Скачайте удобное мобильное приложение

Быстрый и простой поиск религиозных объекта в городе Алматы.

Партнеры