«Шоқан Уәлиханов және қазіргі Қазақстанның бастауы» атты монографияның тұсаукесері өтті.
Ұлы ағартушының 190 жылдығына арналған бұл еңбек алғаш рет италян тілінде жарық көрді.
«Шоқан Уәлиханов – Ұлы Даланың ғана емес, әлемдік деңгейдегі тұлға. Оның еңбектері қазақ халқының рухани мұрасын және Орталық Азияның бай өркениетін әлемге танытты. Бұл кітап – білім мен ғылым арқылы елдеріміздің жақындасуының жарқын үлгісі», – деді Аида Балаева.
???? Кітап италиялық профессор Федерико Пасторенің авторлығымен жазылып, онда Шоқан өмір сүрген дәуір мен сол кезеңнің қазақ қайраткерлеріне арналған бөлімдер қамтылған.
Басылым Sandro Teti Editore баспасынан, Қазақстанның Италиядағы Елшілігінің қолдауымен және «Каспий Нефть» АҚ мен Doscar Foundation Charity Fund демеушілігімен жарық көрді.