Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

«Діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру» тақырыбындағы іс-шара

2018 жылғы 31 мамырда «Жетысу - Семиречье» сауда базарында Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Перспектива» Ақпараттық-кеңес беру тобы» ҚҚ ұйымдастыруымен «Діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шара мақсаты: мегаполис тұрғындарына діни қатынастар саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру қажеттілігін тұрғындармен талқылау. Шараға «Байсат» сауда базарында қызмет ететін 33 өзін жұмыспен қамтыған адам қатысты.
Іс-шара барысында мемлекеттің діни мотивацияланған экстремизмге қарсы шараларды күшейтуге бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі өзгерістермен байланысты өзекті мәселелер талқыланды.
Іс-шара қатысушаларына дінтанушы-ислам дінін зерттеуші, PhD докторы К.Багашаров, дінтану магистрі, PhD докторанты М.Жузей, «Перспектива» АКТ ҚҚ психологы Р.Мансурова, жоба жетекшісі Е.Бурова баяндама жасады.
Қатысушылар мен мамандар арасында пікір алмасу жүргізілді. Діни ұйымдар қызметі, олардың мемлекетпен қары-қатынасы, діншіл және дінге сенбейтін адамдардың құқықтары туралы қатысушыларды қызықтырған сұрақтар бойынша кеңес берілді. Іс-шараға қатысқандардың барлығына қазақ және орыс тілдеріндегі үлестірмелік материалдар берілді.

01.06.2018

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер