Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Перспектива» ҚҚ 2018 жылғы 27 мамырда «Байсат» базарында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында исламтанушы-дінтанушы М. Жузей, Қ. Бағашаров және аталған қоғамдық қордың басшысы Е. Бурова дін саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормаларын, Қазақстан Республикасындағы зайырлылық мәні мен қағидаларын, мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара байланысының қатынастары түсіндірілді.
Сондай-ақ, шараның барлық қатысушыларына мемлекеттік және орыс тіліндегі үлестірмелік материалдар: буклет, CD, блокнот, қалам және папкалар үлестірілді.