Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Алматы қаласында «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл: талдау, алдын алу, оңалту» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтті

2018 жылғы 28-29 маусымда «Holiday Inn» халықаралық қонақ үйінде және «Қазақстан» қонақ үйінде республикалық семинар-тренинг өтті, оған қатысқандар 14 облыстың және республикалық манызы бар қалаларының Дін істері жөніндегі басқарма басшылары және соларға бағынышты ведомстволық ұйым басшылары, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы ғылым және білім мекемелеріндегі діни саладағы жетекші сарапшылар.

Бұл іс-шара «Social Development Center» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша өткізілді.

Осындай ауқымды дін тақырыбына арналған семинарлар өткізудің өзектілігі мемлекет саясатындағы діни саланы іске асыратын мемлекеттік орган өкілдерінің біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету болып табылады. Өйткені, белгілі болғандай, Қазақстанда соңғы жылдары дін мәселелеріне қатысты бірқатар стратегиялық және тұжырымдамалық құжаттар қабылданған. Соңдықтан тренингтің мақсаты мен міндеті мемлекет саясатындағы діни саладағы орталық және жергілікті атқарушы орган жұмысшыларын оқыту, және де діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша өзекті сұрақтар айналасында тәжірибе алмасу.

Алдына қойылған міндеттерді тиімді іске асыру мақсатында семинар-тренинге қатысу үшін жетекші мамандар мен сарапшылар шақырылды. Президиум мүшелерінің арасында Алматы қаласы әкімінің орынбасары – А.О. Қырықбаев, ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Б.С. Арын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі секторының меңгерушісі Ғ.Н. Шойкин,  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы – А.Ғ. Арыстанов және де  Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқарма басшысы А.Р. Есенбеков сияқты спикерлер болды.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаев.

Елімізде дін саласына жауапты және діни экстремизммен күрес бағытында қызмет етіп келе жатқан мекемелердің басшылары және жауапты мамандарының тәжірибе алмасу үшін Алматы қаласында басқосуы маңызды оқиға деп білеміз. Осындай шараның өтуі барша қатысушылар үшін пайдалы болатыны анық. Әрбір облыстың діни жағдайы әртүрлі, өзіндік ерекшеліктері бар. Соған сай экстремизммен күрес және оңалту бойынша жинақталған тәжірибеге ие. Міне сол тәжірибені орта салып, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылса семинарымыз нәтижелі болары анық

 

 

 

ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Б.С. Арын:

«- Бүгін мұнда Қазақстанның барлық өңірлерінен Дін істері жөніндегі басқарма, сондай-ақ Дін проблемаларын зерттеу орталық басшылары жиналды. Бүгінгі шараның мақсаты -  біріншіден, бар мәселелерді талқылау. Екіншіден, әр облыста өзінің меншікті тәжірибесі бар, өзінің әзірленген әдістері бар. Біз оларды зерттеп, бөлісіп, басқа аймақтарға үздік әдістемелерді енгізу мүмкіндіктерін зерттегіміз келеді»- деп атап өтті.

 

Осындай қорытындыға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі Ғ.Н. Шойкин да келді:

  • Тығыз жұмыс тек онлайн режімінде болмауы керек, бір-бірінмен көрісуіміз, тәжірибе алмасуымыз, бір-біріне діни саясатта жаңа тәсілдерді үйрету үшін жиі кездесуіміз қажет. Өйткені әрбір өңірде жалпы тиімді жұмыс үшін біріктіре алатын жақсы тәсілдер бар.

 

Семинар іс-шаралары: бірінші күні – пікірталас пен тренингтер, екінші күні – семинар қатысушыларға шеберлік-класстар мен мәдени бағдарлама форматында ұйымдастырылды.

Жаттықтырушылар мен оқытушылар республикалық теологтар мен саясат қайраткерлері, тәжірибелі спикерлер мен ғалымдар болды, олардың арасында: философия ғылымдарының докторы, профессор – А.Г. Косиченко, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, философия докторы – Н.Л. Сейтахметова, PhD докторы, рационалистік теология саласындағы маман – Р.А. Челидзе және «Ансар» консультативті-реабилитациялық орталығының директоры – А.К. Сабдин.

Павлодар қаласы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Г.М. Раздыкова айтуынша:

«Мұндай конструктивтік семинарларды өткізу өте пайдалы, өйткені біз бәріміз өз өнірлерімізде  «басқалармен байланыспай өмір сүреміз», бірақ бүгін, мұнда және қазір кімнің не істейтінін көреміз».

Республикалық семинардың екінші күні мастер-кластар мен тренингтерге толықтай арналды. Барлық қатысушыларды тіркеп, екінші күннің бағдарламасымен таныстырған соң, микрофон: «Білім» оқу-мәдени орталығының директоры – Р.С. Иржанов, «First Coach» кәсіби спикерлерді дайындау орталығының негізін қалаушы – А. Қанатов, саясаттанушы –                     А.Ә. Сарым, «Эксклюзив» журналының шолушысы, саясаттанушы –                      Р. Жұмалы сияқты сарапшылар қолына өтті.

Іс-шараның ресми жабылуы, семинардың екі күнін де қорытындылау мен семинарға қатысушыларға, Алматы қаласының Дін істер жөніндегі басқарма басшысы А.Р. Есенбеков сертификаттарды салтанатты тапсыру арқылы аяқталды.

Бағдарламаның соңғы бөлімінде барлық келушілер үшін Алматы қаласындағы тарих мұражайына, Д.А. Қонаев мұражайына, «Көк-төбе саябағы» ойын-сауық орталығына және биік таулы «Медеу» мұз айдынына экскурсия болды.

02.07.2018

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер