Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Алматы қаласында қала бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері үшін семинар-трениг өтті

2018 жылғы 26 маусымда Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы аясында «Перспектива» ақпараттық-кеңес беру тобы» ҚҚ ұйымдастыруымен сотталғандармен тікелей жұмыс жасайтын Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: сотталғандармен жұмыс жүргізуге жұмылдырылған қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату, мемлекет тарапынан діни экстремизмге қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған шараларды қолдану қажеттілігіне байланысты әзірленген дін саласындағы заңнама нормалары және мемлекеттік саясат түсіндірілді және талқыланды.
Іс-шараға 20 қызметкер қатысты. Қатысушылардың алдында дінтанушы-исламтанушы, PhD доктор Қ. Бағашаров, философия ғылымдарының докторы, профессор Е. Бурова сөз сөйледі.

27.06.2018

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер