Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының отырысы өтті

2018 жылғы 26 маусымда Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Рақымжанұлы Есенбековтің төрағалығымен Астананың 20 жылдығына арналған Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының отырысы өтті.
Клуб отырысына клубтың басшысы – «Қазақстан Республикасындағы терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу бойынша орталық» ҚҚ президенті Кәкімжан Мұратжанұлы Бишманов, колледж директоры Төлеуғали Тайтулеев, Бостандық ауданының бас имамы Әсет Қадырханұлы Аташев, Алматы қаласы Вознесендік Кафедралды Соборының диаконы Виталий Быструшкин, Евангелдік-христиандық баптистер шіркеуінің аға персвитері Лубошников Алексей Викторович, Лютерандық шіркеудің настоятелі Хонин Геннадий Валерьевич, «Агапе» шіркеуінің пасторы Овсянников Виктор Григорьевич, Кришна санасы қоғамының басшысы Голоус Геннадий Николаевич қатысты.
А. Есенбеков өзінің құттықтау сөзінде «мереке қоғамдық-саяси маңызға ие және әрбір қазақстандық үшін жалпы халықтық мейрам. Сондай-ақ, Астананың 20 жылдығы тек мерейтой ғана емес, Қазақстан деп аталатын ортақ отанымыздағы ұлт аралық және дін аралық тұрақтылықты сақтаудағы барлық қазақстандықтардың тәуелсіздігінің негізі» - деп атап өтті.
Отырыстың қатысушылары-қаланың діни бірлестіктерінің басшылары еліміздегі ұлтаралық және дін аралық тұрақтылықты сақтаудың кепілі болатын дін саласындағы мемлекеттің жүйелі саясатын Астанада тұрақты түрде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің Съезі растайтындығын бір ауыздан атап өтті.

27.06.2018

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер