Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Қала күні мерекесі атап өтілді

2018 жылғы 14 қыркүйекте «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қала күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Шара басында Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Айдар Есенбеков және университет проректоры Қайрат Құрманбаев сөз алып, барлық жұртшылықты мерекемен құттықтады.
Мерекелік шара барысында Мақсат Базарбаев, Сержанәлі Әлібек, Райым Уайыс және «Нұр-Мұқасан» тобы сынды өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сондай-ақ, арқан тарту, асық ату, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, қошқар көтеру, бағанаға өрмелеу секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті.
Сондай-ақ, іс-шараға қатысушы барлық жамағат пен университет студенттеріне апорт алмасы тегін үлестірілді.

14.09.2018

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер