Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

«Асыл мұра» бағдарламасы аясында Алматы қаласының мешіт қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылды

Қыркүйектің 29-ы күні «Асыл мұра» бағдарламасы аясында Алматы қаласының мешіт қызметкерлері арасында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен спартакиада ұйымдастырылды.

Жарыс Нархоз университеті стадионында шағын-футбол, армрестлинг, үстел теннисі, гір көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақ және шахмат, 100 және 800 метр (эстафета) қашықтықта жүгіру спорт түрлерінен өткізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдар, кубок және сыйлықтармен марапатталды.

Спартакиаданың басты мақсаты мешіт қызметкерлерінің дене шынықтыру деңгейін арттыру және үздік ұжымдарды анықтау болып табылады.

30.09.2018

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер