Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Қазақстанда "Йакын Инкар" ұйымы экстремистік деп танылды

Астананың Есіл аудандық соты "Йакын Инкар" ұйымын экстремистік деп танып, Қазақстанда жұмыс істеуіне тыйым салды деп хабарлайды Қазақстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл бірлестік "Таблиги Джамаат" ұйымының бөлігі деп танылған.

 

Бас прокуратура аталған ұйымның "Халифатты" орнату мақсатын көздейтінін айтты.

Сонымен қатар, экстремистер Қазақстанда өздерінің заңғы қайшы әрекеттерін жүзеге асырмақ болған.

"Йакын Инкар" мүшелері басқа дінді қабылдамайды, тіпті, олардың өкілдерімен кездесуді де құптамайды. Ұйым мүшелерінің осы әрекеттерінен діни экстремизмді анық байқауға болады.

Мекеменің хабарламасында Қазақстанда тыйым салынған ұйымдарға тіркелген азаматтар жазаға тартылғаны айтылған. Олардың істерін зерттеген құқық қорғау органдары олардың біздің елде ұяшықтар құрғысы келгенін анықтапты.

Астана соты "Йакын Инкарды" экстермистік ұйым деп тану туралы үкімді 10 қазан күні шығарды. Сол уақыттан бастап оларға қатысты кез келген істер- материал дайындау мен тарату, қаржыландыру заңға қайшы болып табылады.

Айта кетейік, бұл ұйымға көрші Қырғызстанда да тыйым салынғаны анықталды.

12.10.2018

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер