Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

қалалық Діни бірлестіктер жетекшілері Клубының отырысы өтті

2019 жылғы 22 мамырда Алматы қаласы Достық үйінде қалалық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Рақымжанұлы Есенбековтың төралығымен қалалық Діни бірлестіктер жетекшілері Клубының отырысы өтті.

Іс-шара барысында Клубтың 2 жылдық көлемінде атқарылған жұмыс нәтижелері қорытындылды.

Отырыста қаладағы діни бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушылары, докторанттары және дінтанушылары қатысты.

Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Рақымжанұлы Есенбеков барша діндарларды өтіп кеткен христиандарды Пасха мейрамымен және мұсылмандарды «Рамазан» айы мейрамымен құттықтап, діни бірлестіктер жетекшілерінің дінаралық және қоғамдық келісімді нығайтудағы жұмыстарын жоғары дәрежеде бағалап, алғысын білдірді.

Клуб Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының жанындағы еркін консультативтік-кеңестік орган болып табылады.

Клуб қызметі дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, азаматтардың діни сенім бостандығы мен құқықтарын қамтамасыз ету саласында ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеуге, рухани және конфессияаралық келісімді нығайту мен қаланың түрлі діни бірлестіктері арасындағы қажетті ұйымдастырушылық, консультациялық және басқа да көмек көрсетуге бағытталған.

22.05.2019

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер