Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» (бұдан әрі – Орталық) ағымдағы жылғы 1-30 сәуір аралығында деструктивті діни ағым ықпалында жүрген 189 адаммен, оның ішінде, 164 ер және 25 әйел адаммен психолог және теолог маманның қатысуымен оңалту жұмыстары жүргізілді. Сұхбат барысында еліміздегі зайырлы қоғамның құндылықтары, еліміздің дәстүрлі мұсылман жамағаты ұстанатын Әбу Ханифа мазхабы мен оның артықшылығы түсіндіріліп, саналарында қалыптасқан деструктивті діни көзқарастарға дәлелдермен барынша қарсы жауаптар беріліп, ұстанымдарын өзгертуге ықпал жасалынды.
Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА 155/18, ЛА-155/13 түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеп жатырған азаматтармен, сондай-ақ, намазхан және дінге қызығушылығы бар 23 азаматпен кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Иманы бекем мұсылман қателікке жол бермейді», «Дәстүрлі ислам құныдылқтары» тақырыбында 2 топтық кездесу өткізіліп, 29 азамат қамтылды.
Бұдан басқа, Орталықтың «Имани гүл» филиалында да тұрғындардың діни сауаттылықтарын арттыру мақсатында әйел азаматшалар үшін тұрақты кеңес беру және оңалту жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде жеке сұрақтарына жауап алуға келген 17 азаматшамен әңгімелесу өткізіліп, мамандар тарапынан сұрақтарына толықтай жауап берілді. Сондай-ақ, «Отанды сүю-иманнан», «Иманды әйел-ұлт болашағы» сынды тақырыптарда 5 топтық кездесу өткізіліп, 28 азаматша қамтылды.