Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығында» (бұдан әрі – Орталық) ағымдағы жылғы 1-31 мамыр аралығында деструктивті діни ағым ықпалында жүрген 165 адаммен, оның ішінде, 140 ер және 25 әйел адаммен психолог және теолог маманның қатысуымен оңалту жұмыстары жүргізілді. Сұхбат барысында еліміздегі зайырлы қоғамның құндылықтары, еліміздің дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабы түсіндіріліп, саналарында қалыптасқан деструктивті діни көзқарастарға дәлелдермен барынша қарсы жауаптар беріліп, ұстанымдарын өзгертуге ықпал жасалынды.
Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА 155/18 түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеп жатырған азаматтармен, сондай-ақ, намазхан және дінге қызығушылығы бар 17 азаматпен кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Ораза барлық жамандықтан тияды», «Дәстүрлі діни ұстаным» сынды тақырыптарда 3 топтық кездесу өткізіліп, 17 азамат қамтылды.
Бұдан басқа, Орталықтың «Имани гүл» филиалында да тұрғындардың діни сауаттылықтарын арттыру мақсатында әйел азаматшалар үшін тұрақты кеңес беру және оңалту жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде жеке сұрақтарына жауап алуға келген 12 азаматшамен әңгімелесу өткізіліп, мамандар тарапынан сұрақтарына толықтай жауап берілді.