Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Алматының әкімі ауысты

Қазақстан президентінің жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

“Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын”, – делінген жарлықта.

2015 жылдың 9 тамызынан бүгінгі күнге дейін Алматыны Бауыржан Байбек басқарды. Ал Бақытжан Сағынтаев Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған болатын.

Бақытжан Сағынтаев туралы не білеміз

Бақытжан Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келді. Ұлы жүздің Ошақты руынан болады.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген, экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы.

Әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, премьер-министр кеңсесінің жетекшісі, Павлодар облысының әкімі, экономикалық даму және сауда министрі, “Нұр Отан” ХДП төрағасының бірінші орынбасары, премьер-министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі, премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2016 жылдың 10 қыркүйегінен 2019 жылдың 25 ақпанына дейін Қазақстан үкіметін басқарды.

2019 жылдың 24 наурызынан 28 маусымына дейін Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.

28.06.2019

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер