Ағымдағы жылғы 9, 10 шілдеде «Дін, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және блогерлер үшін ақпараттық және оқыту семинарын ұйымдастыру және өткізу» жобасы аясында журналистер мен блогерлер үшін жалпы саны 30 адам қамтылған 2 семинар-тренинг өткізілді.
Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы және «Қазақстан Республикасындағы Терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу бойынша орталық» ҚҚ.
Семинардың негізгі мақсаты діни экстремизм мен терроризм мәселелерін ашу, діни тақырыптар мен конфессияаралық келісімді жариялау, БАҚ арқылы азаматтарға ақпарат жеткізудің үлгілерін және әдістерін қарастыру бойынша мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың өзара байланысы тәсілімен журналистер мен блогерлерді оқыту болды.
Семинарды «Білім» орталығының директоры, ҚР АҚДМ дін істері комитетінің республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшы – политологы Иржанов Руслан Самарханұлы және «Қазақстан Республикасындағы Терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу бойынша орталық» ҚҚ президенті Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы жүргізді.
Кездесу барысында баспа және электронды нұсқада, қазақ және орыс тілдерінде үлестірмелік материалдар таратылды.