Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Радикалды идеология қоғам мен мемлекет үшін қауіпті - теолог

Радикалдық идеология кез келген қоғам мен мемлекет үшін қауіпті. Ол ұлтаралық, дінаралық араздықты тудырып, бірлік пен ынтымаққа зиян келтіреді. Бүгін Алматыда өткен семинар барысында теолог, исламтанушылар осындай пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. БАҚ өкілдеріне арналған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу  семинарына жиналғандар радикалды діни ағымнан  келетін қауіпті талқылады. «Діни радикализмді обьект және субьект деп екіге бөлуге болады. Обьект - ол радикалдық  идеологияны қолдайтын адам. Субьект - оны райынан қайтаратын мамандар. Осы уақытқа дейін психолог, педагог, құқық қорғау органдары мен теологтар жұмыс істеп келеді. Бәрінің ойы мен мақсаты бір - адасқан адамды райынан қайтару. Мамандардың жүргізген зерттеуі бойынша БАҚ өкілдері мен отбасы мүшелерінің де рөлі зор. Тілшілер мен жақын туыстары да субьект бола алады. Сондай-ақ, жұмыспен қамту орталықтарының да үлесі бар. Себебі, осы радикалды діни идеологияны таңдауға әлеуметтік мәселе де әсер етуі мүмкін», - дейді исламтанушы Асқар Сабдин. Қазіргі таңда Қазақстанда діни экстремизмнің алдын алуда ең негізгі субьект  -   мемлекет болып тұр. Осы бағытта жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың басты мақсаты - Қазақстанды жат діннен сақтауға ұйытқы болу. Радикализм - белгілі бір көзқарасты ұстану, тек соны жақтау деген мағынаны білдіреді. Жат ағымдардың таралуы діни саутсыздықтан болып жатыр. Ғаламтор кеңістігіндегі теріс дін ағымына жетелейтін  интернет сайттардың да әсері бар дейді мамандар. «Еліміздегі дәстүрлі дінімізге көлеңке түсіретін сайттардың, әлеуметтік желілердің жауапкершілігін қатайту қажет. Қазір интернетті ашсаң болды, түрлі бейнежазбаны көруге болады. Оларды жауып тастауға түрлі әрекеттер жасалғанымен, толықтай құтыла алмай отырмыз. Алайда, тыйым салынған сайттар бар. Оған кірген немесе ақпаратпен бөліскендер жауапкершілікке тартылады», - деді Асқар Сабдин. Айта кету керек, Алматыда бүгіннен бастап  мемлекеттік тапсырыс аясында Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік мекемесінің қолдауымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында мақала жазатын журналистерге арналған семинар басталды. Семинарда білікті мамандар, теологтар, қоғамтанушы сарапшылар өз білімімен бөлісіп жатыр.  


Дереккөз https://www.inform.kz/kz/radikaldy-ideologiya-kogam-men-memleket-ushin-kauipti-teolog_a3545235?fbclid=IwAR3t7S_-i-4qRsOenD5NK1NdCzWfOJX4eOAYZpD34Dzb5vNv57ZysCOMQ4U

05.07.2019

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер