Ағымдағы жылы Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қазақстан Республикасындағы Терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу бойынша орталық» ҚҚ «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыруға мемлекеттік емес ұйымдар мен азаматтық қоғамды тарту бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыруда.
Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыруға және зайырлылық принциптерін насихаттау.
Ағымдағы жылғы тамыз айында Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінде, 12, 25 қалалық ауруханаларда, Алматы қаласы Полиция департаментінде және 152 мектеп-гимназиясында іс-шаралар өткізілді.
Шаралар барысында мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, дәрігерлер және мектеп ұжымы қамтылып, оларға дін саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптері, зайырлылық және конфессияаралық келесімінің принциптері туралы айтылды.