Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Дін саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша өткізілген іс-шаралар

Ағымдағы жылы Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қазақстан Республикасындағы Терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу бойынша орталық» ҚҚ «Діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласында заңнамалық нормаларды түсіндіру бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның мақсаты діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы заңнама нормаларын мақсатты топтар арасында кеңінен түсіндіру.

Ағымдағы жылғы шілде-тамыз айларында «Тастақ», «Байсат», «Ялян», «Жетісу», «Кенжехан», «Өжет», «Түркісіб» базарларында, «Саламат», «Мегатау», «Арзан», «Март», «Магнум», «Мегапарк» сауда орталықтарында, «Астана құрылыс», «Базис А», «Спец.сервис құрылыс», «Алматы Строй» компанияларында іс-шаралар өткізілді.

Шаралар барысында тұрғындардың өзін-өзі жұмыспен қамтыған бөлігі, құрылысшылар және сауда орталықтарының еңбек ұжымдары қамтылып, оларға дін саласындағы заңнама нормалары және ондаға көзделген жауапкершіліктер, деструктивті діни идеологияның қаупі және одан сақтану жолдары туралы айтылды.

20.08.2019

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер