Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Алматылық мамандар діни экстремизмді алдын алудың жаңа форматына көшпек

Алматыда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған 1-ші жартыжылдық жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараны ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау орталығы ұйымдастырды.

Қатысушылар биылғы жұмыс бағытының нақты мақсатын айқындау үшін Қоғамдық даму басқармасындағы өзгерістерді ескере отырып, жұмыстың формасы мен әдіс тәсілдеріне, жұмыс сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізіп, жүргізілетін шаралардың тиімділігін талқылады.

«Ақпараттық түсіндіру тобының (АТТ) қызметі жергілікті атқарушы билік пен Құқық қорғау органдары, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік емес ұйымдармен, діни бірлестіктермен біріге жасалған жұмыс негізінде жүзеге асырылады. Осы мақсатта Алматыда жыл басынан бері алғашқы жартыжылдықта 152 кездесу ұйымдастырған. Оның ішінде әскери қызметкерлер арасында - 12, студенттермен - 4, колледж студенттерімен - 18, мектеп оқушыларымен – 66, ата-аналармен – 1, оқытушылармен -1, өз-өзін жұмыспен қамтыған адамдармен – 13, еңбек ұжымдарымен – 7, мешіт, шіркеу келушілерімен – 20, денсаулық сақтау саласы мамандарымен – 5 кездесу, ТЖД қызметкерлерімен 1 кездесу ұйымдастырылды. 1 дөңгелек үстел, 2 жаңа форматтағы іс-шара, 36 дәріс оқылып, 34 семинар барлығы, 225 шара өтті. Жалпы алғанда бұл шараларда 46978 адам қамтылды. Сонымен қатар, биыл онлайн сауалнама әдісі қолданылуда. Бұл тыңдаушылармен кері байланыс орнату үшін ұйымдастырылып отыр», - деді Мониторинг және талдау орталығының бөлім меңгерушісі Айекешов Нұрболат.

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының мониторинг және талдау орталығы жыл аяғына дейін 600-ден астам шара ұйымдастырмақ. Жалпы саны 100 мыңнан аса адам қамту жоспарлануда. Бұл іс-шаралар қаламыздың барлық әлеуметтік топтарын қамтиды. Жалпы білім беру мекемелері оқушыларына, орта арнайы, жоғары оқу орындары студенттеріне және де деструтивтік ағым өкілдері көп шоғырланған сауда кешендерінде басым көпшілік шаралар жүргізіледі.

Сонымен қатар, басқарма басшысы Диас Есдәулетов басқарманың діни экстремизм мен терроризмді алдын алу бойынша жұмыстың жаңа форматына көшетінін айтты.

«Бүгінде тұрғындар арасында деструктивті діни экстремизм идеологиясының таралуы басты проблема болып отыр. Қоғамда радикалды құбылыстарға төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында діни экстремизмнің алдын алу бойынша басқарма тарапынан бірқатар шаралар кешені қолға алынған. Діни экстремизм идеологиясы діннің абыройына дақ келтіріп, конфессияаралық қатынасқа, қоғамдық келісімге нұқсан келтірері сөзсіз. Бұл дерттің алдын алу ұлттық қауіпсіздік мәселелерінің басты міндеттерінің бірі. Басқарманың жұмысы дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарымен мазмұндас. Келер жылдан бастап ақпараттық түсіндіру тобының жұмыс форматын өзгертейік деп жоспарлап отырмыз. Соңғы 2-3 жылда көбінесе жалпылама түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келдік. Бұл жұмыстар үлкен ұжымдарда өтетін. Енді келесі жылдан бастап кіші топтармен жұмысты қолға алу мақсат болып отыр.

Сондай-ақ, Қоғамдық даму басқармасы жанын құрылған ақпараттық түсіндіру тобының үздік мүшелері марапатталды.

Тыңдаушылардың пікіріне сәйкес 1-орынға ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Жекебаева Мақпал лайық деп табылса.

2-орынды философия ғылымдарының кандидаты, доцент Зарема Абдуллина иеленді.

3-орын «Заря востока» мешітінің бас имамы Ахметов Қазбекке бұйырды.

09.09.2019

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер