Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Асылы Осман: Біз қазір тәрбиені бірінші орынға қоюымыз керек

Қазіргі қазақ қоғамында ұлттық рухани құндылықтарды ұрпаққа қалай бере білуіміз керек? Қоғам қайраткері Асылы Осман осы мәселеге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық құратын да, оның тірегі де – аналар. Тіл мен діннің егіз екенін ешкім шетке шығара алмайды. Тілің мен дінің де – сіздің жан дүниеңіздегі рухани дүниеңіз. Рухани дүниені ұлттың жанына ұялата алатын – ана. Ал менің қазағымның бұрынғы аналары мен қазіргі аналарды салыстыруға бола ма? Ешкімді жатсынбайтын қазағым адами асыл қасиетін бойында сақтаса деймін. Қазақ өзгеге басқаға үлгі болса екен деген бар арман-тілегім. Оның барлығы тек тіл арқылы ғана ұрпақтың жанына ұялайтынын еш уақытта ұмытпайық. Бірақ, егер қыздары өзінің ана тілін білмесе – ол ұлтының бойындағы адами асыл қасиетімен, әдетін, ғұрпын, салтын қалай сезеді. Тарихты, мәдениетті, әдебиетті жеткізетін көмейдегі сөз бенен таңдайдағы тіл ғана», - деді Асылы Осман елордада әйелдер ұйымдарының рөлі талқыланып жатқан жиында.

Қоғам қайраткерінің айтуынша, дәстүрлі дінімізді өз қалпында сақтауымыз керек.

«Әркім өзінің отбасында дінін сақтасын. Сіңлілерім, келіндерім ана тілін білмесе қайтіп өзінің әдетін, ғұрпын, салтын баласының бойына жеткізе алады. Сондықтан, менің айтарым, ең негізгі ұйытқы болатын – тіл мен тәрбие дер едім. Бауырларым тәрбиені қазіргі жағдайда үлкеніміз болсын, кішіміз болсын - тәрбиені бірінші орынға қойып, ұрпақты ата-бабамыздан келе жатқан рухта тәрибелеуіміз керек», - деді Асылы Осман.

Айта кетсек, елордада «Жастарды рухани, адамгершілік тәрбиелеудегі және радикалды діни идеологияға иммунитетті қалыптастырудағы әйелдер ұйымдарының рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.

26.09.2019

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер