Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Ат-Такфир уа-ль Хиджра жамағатының көздегені не

Бүгінгі күнде елімізде дінге қызығушылық танытып жатқандардың саны артып келеді. Әрине, мемлекеттің руханият тұғыры да маңызды орында тұрады. Қоғамның өз тарихын, дәстүрлі діни құндылықтарын, әдет-ғұрпын сақтап білу сол елдің басқа елден ерекшелігін білдіреді.

Қазіргі таңда теріс ағымдар ұлттық құндылықтарды жою арқылы, халықтың арасында теріс ой пікір қалыптастыру әрекетімен әлек. Соның бірі — саяси негізде құрылған топ «Ат-Такфир уа-ль Хиджра».

Астана қаласының прокуратурасының 2014 жылдың 18 тамызындағы мәлімдемесі бойынша Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты «Ат-Такфир уа-ль Хиджра» халықаралық ұйымның экстремистік деп танып, оның қызметіне Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салу туралы шешім шығарылды.

«Ат-Такфир уа-ль Хиджра» атымен танылған немесе бұларға «Жамағату-л-Муслимин» атауын берушілердің көзқарасы мен пікірлерінде тәкфирлік қағидатты негізге алғандарын көруге болады. Бұл топқа сол кездегі «Ихуан Муслимин» ұйымының лидері Хасан Худайби бұлардың көзқарастарын қатты сынға алған болатын. Худайби: бұндай көзқарастар Әхли сүннеттің жолына ешқандай жанаспайтындығын айтты және сол жамағаттың көшбасшыларына өз қарсылығын білдірген болатын. Себебі жамағатқа кірмеген, өзін мұсылман санайтын адамды такфир (дінсіздік) ету және бұл көзқарасты ұстанушылардың мүшелеріне, бұлар бұрыңғы Харижилердің ұстанған көзқарасы екенін білдіреді.

Енді бұл бағыттың құрылуы мен алғашқы ортаға шығуын айтар болсақ, «Ат-Такфир уа-ль Хиджра» лидері Шукри Мустафа 1965 жылы «Ихуану Муслимин» ұйымының мүшесі ретінде қамауға алынған болатын. Бұл кезеңдерде Шукри университетте оқитын. 1971 жылға дейін алты жыл абақтыда отырады. Оның бұл көзқарастары негізінен абақтыда отырған уақыттарда туындап, арта түсті. Сонымен қатар, көптеген мәселелерде «Ихуану Муслиминнің» көзқарасына қосылмай, басқа пікірлерді ұстанды. Шукри өзінің ұйымына абақтыда отырғанда және шыққаннан кейін де «Ат-Такфир уа-ль Хиджра» тобының лидері болды. Ол өзін реформатор және үмметтің күткен Мәхдиі ретінде санады. Оның артынан ерушілері, Шукриді мүминдердің әмірі және мұсылман жамағатының лидері ретінде көрді. Шукри және сол топқа лидерлік жасаушы достары сол уақыттағы (30.03.1978 жылы) мемлекеттік қызметтегі Министр доктор Мухаммед Хусейн әз-Зәхабиді алып кетіп, өлтірді деп айыпталып, өлім жазасына кесілді.

Шукри жамағатының кітаптарына тоқталар болсақ, олардың ішіндегі ең белгілілері: «Китабу-л-Хужжиат», «Ижмалу Тәвилатихим уа ижмалу-р-Ред аләйхә», «әт-Тәвассумат», «Әл-Хиләфә».

«Ат-Такфир уа-ль Хиджра Жамағатының» негізгі көзқарастары: Қоғам кәпір, Үкіметтер кәпір. Төрт үлкен мешіттен басқасын (Мәсжиду Харам, Нәби, Құдұс, Құба) «Масжиду-л Дирар» деп санайды. Ширк және үлкен күнә жасаған адам кәпір. Муқаллид кәпір. Мемлекеттік барлық істерден шектелу шарт. Ижма, қияс және басқа да фиқхи үкімдер дұрыс емес. Сонымен қатар «Ат-Такфир уа-ль Хиджра Жамағатының» көзқарастарында Құран Кәрімді және сүннеті түсінуде өздеріне қарасты жүйе қалыптастырған. Ижма және Сахабалардың сөздерін, ижтихадтарын қабыл етпей, тақлидті сынға алған.

«Ат-Такфир уа-ль Хиджра Жамағатының» жіберген әдістемелік қателері:

1) Құран және сүннетті түсінудегі әдістемесі. Құран тәпсірге мұқтаж емес дейді. Олардың пікірінше Құран және сүннеттен тікелей үкімдер алына береді дейді. Бұл жәйында олар: Алланың және Елшісінің сөздерін түсіндіру керектігін айтқан адам кәпір болады деген көзқарасты ұстанады.

2) Ижманы қабылдамауы. Бұл жамағат бірыңғай ижманы қабыл етпейді және ижманы кім дәлел ретінде ұсынар болса, ол адам кәпір болады. Олардың пікірінше, кімде-кім бұған сенер болса, Алладан басқа Тәңірге сенген болып саналады. «Әл-Хужжият» кітабында былай келеді: «Ижма дәлел бола алмайды».

3) Сахабаларды жамандауы және олардың сөздерін жоққа шығаруы. Олардың «Әл-Хужжият» кітабында: Егер Сахабаның Пайғамбарымызбен (с.а.с) сұхбаттасып, оны көрген және оны естіген әрбіреуге айтылатын болса, онда олардың арасында мұнафықтар және жүректеріне иман кірмеген бәдәуилер және муртәдтар да бар болатын.

Мінеки «Тәкфир уа Хижра Жамағатының» осындай көзқарасы нәтижесінде Исламның негізінен қаншалықты ұзақтап кеткенін көрудеміз. Дінде астамшылыққа бара отырып, кез келген мәселеге такфир ету қағидасымен қарай бұрыңғы Харижилік түсініктің бүгінгі көрінісі деп те атауға болады.

Кейбір кісілер «Әруақтарға құран бағыштауға болмайды. Себебі, ол тірілер үшін түсірілген» деп жүр.

Дүниеден бақилыққа кеткен адамға сауабы тисін деген мақсатпен Құран бағыштауға болатынын, бұның шариғатқа қайшы еместігін ғалымдарымыз айтып кеткен. Бұл жайында Құран кәрімде бірнеше жерде дұға етуге байланысты аяттар келеді. Соның бірі бізден алдыңғы буынға дұға етуіміз жайлы былай деп келеді: «Раббымыз! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!», – (Ибрахим 14/41).

Әрине, біздің қазақы дәстүр аруаққа Құран оқып бағыштауға аса көп көңіл бөледі. Бұдан біз дін мен дәстүрдің ұштасып, ділімізде бұрынан келе жатқан дүние екендігін көреміз.

Нұржан Абдуллаев

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы

26.09.2019

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер