Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Қазақстан – дінаралық келісім алаңы

Қазақстан – көп конфессиялы мемлекет. Оның рухани-мәдени саласындағы саясатының негізгі басымдықтарының бірі - этносаралық және конфессияаралық келісім және соның негізінде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы сындарлы диалогты дамыту.

Бұл диалог олардың өзара қарым-қатынасының барлық жақтарын реттейтін заңнамалық-құқықтық негізде құрылады және қоғамның тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді. Осы уақыт аралығында серіктестік, өзара құрмет және бір-бірінің ішкі істеріне араласпау қағидаттарына негізделген мемлекет пен діни ұйымдардың қарым-қатынасының үлгісі қалыптасып үлгерді.

Елдегі тұрақтылық мемлекет үшін ғана емес, діни бірлестіктер үшін де аса маңызды. Тек бірлесе ғана шынайы толеранттылыққа келуге болады. Белгілі философ Жан Жак Руссо: “Мемлекет үшін әрбір азаматтың өз міндеттерін жақсы көруге тәрбиелейтін діні болуы өте маңызды” деп атап өткен екен. Сенушілердің міндеттерінің бірі Құдайға деген сүйіспеншіліктен басқа, Отанға деген махаббат, қазақстандық патриотизм болуы тиіс.

Қазақстандағы конфессияаралық келісімді нығайтуда мемлекетіміздің тарихи қалыптасуында орны ерекше ислам мен православиенің өзара қарым-қатынасының рөлі аса маңызды. Олардың бейбіт қатар өмір сүруі – әлеуметтік және рухани өмірдің тұрақтылығының кепілі. Бұл өзара түсіністік ислам мен христиандықтың махаббатты, мейірімділікті, сенімділікті, ашықтықты, жақын және алыс-жақындарға деген құрметі, лайықты мінез-құлықты уағыздайтын аса маңызды өсиеттеріне негізделген. Құрбан айт пен православиелік Рождество халықтардың тарихы мен мәдениетін қалыптастырудағы олардың рөлін мойындау ретінде еліміздің күнтізбесінде ресми мерекелік күндер ретінде пайда болды.

Ислам мен Православие діндерімен қатар, Қазақстанда иудейлердің, католиктердің, лютерандардың және басқа да бағыттардың діни бірлестіктері жұмыс істейді. Біздің еліміз әлемдік діндердің жетекші орталықтарымен тығыз байланыста. Оның мысалдары – қазақстандықтардың Мекке мен Мединадағы қасиетті орындарға қажылығы. Қазақстан Мәскеудегі православиелік қасиетті ғибадатхана – Құтқарушы Мәсіх храмын қалпына келтіруге үлес қосты. 1999 жылы біз Нью-Йорктің еврей қауымдастығына қасиетті қолжазбаларды табыстадық. Осындай іс-шаралар тәуелсіз өмір сүрген жылдары елімізде аз емес.

18 қазан 1992 жылдан бастап Қазақстанда Рухани келісім күні болып жарияланды. Бұл күні әрбір діни конфессияның еліміздегі рухани келісімді нығайтуға қосқан үлесі атап өтіледі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 3 жылда бір өткізілетін Әлемдік діндер басшыларының съездері Қазақстанның дінаралық келісімді нығайтудағы көшбасшы екенін көрсетті.

Әлемдік діни жағдайды және көптеген шет елдердің тәжірибесін талдау арқылы мұндай модель барынша оңтайлы және қолайлы болып табылатынын көрсетеді. Мұны маңызды жетістік деп айтуға болады және әрі қарай дамудың маңызды шарты.

Тәуелсіздік алғаннан бері біздің бірегейлігіміздің қағидаты қазақстандық патриотизм болып табылады, сондықтан патриоттық тәрбие тиімділігінің даусыз фактісі Қазақстан тарихын, салт-дәстүрлерін, тілін, біздің республика халықтарының дінін білу болып табылады. Қазақстандықтардың бір-бірін түсінуіне ұлт та, әлеуметтік және діни айырмашылықтар да кедергі болмауы тиіс.

Қазақстандағы дінаралық келісім моделінің өзіндік ерекшелігі бар, оның басты белгілерінің бірі – Отанға деген сүйіспеншілік, қонақжайлылық пен жанқиярлық, өзара көмек, елде атап өтілетін мерекелердің интернационализмі. Халық, әсіресе жастар патриотизмнің тек бір ұлттың мақтанышы емес, оның басқа ұлтқа деген агрессиясы емес, керісінше мәдениеттердің, діндердің, дәстүрлердің бейбіт өзара әрекеттесуі – Қазақстанның дамуы үшін қуатты ресурс екенін терең түсінуі басты құндылық. Бұл – Қазақстанның кемсітушілікке, экстремизмге және терроризмге қарсы күресуге, өзара сыйластыққа, түсінушілікке және жаһандық қауіпсіздікті қолдауға бағытталған жалпы жаһандық процестерге қосқан үлесі.

Жоғарыда маңыздылық берілген мәселелердің сан қырлы жақтары Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өткізілген “Алматы қаласы мектептерінің оқушылары арасында дәстүрлі құндылықтарды қалыптастыру және деструктив діни ағымдардың таралуының алдын алу бойынша білім беру қызметкерлеріне арналған практикалық ұсыныстар” атты колледж директорларының оқу және тәрбие ісі орынбасарларына, “Зайырлылық және дінтану негіздері” пәнінің мұғалімдеріне арналған семинар барысында талқыланып, болашақтағы жұмыс үдерісінде қолдану үшін ұсынылды.

Айнұр Құрманалиева

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры

30.10.2019

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер