Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Алматыда дін саласындағы мемлекеттік саясат қалай түсіндіріліп жатыр?

Діни жағдайды заң тұрғысынан жетілдіру қазіргі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Бұлай айтуға еліміздегі дәстүрден тыс діни ағымдардың қызметіндегі мемлекеттік және ұлттық бірегейлікке нұқсан келтіретін әрекеттердің кездесіп отырғаны себеп.

Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы қаладағы орта мектептердің жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерін мемлекеттің дінге қатысты ұстанатын саясатымен таныстыруын жалғастырып жатыр.

Жастардың діни сауатын көтеру шараларын Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары жүзеге асырып отыр.

Әр кездесуде дәріс оқитын ұстаздар Қазақстандағы діни қатынастар мен діни ұйымдардың өмір сүруі зайырлы батыстық менталитетке негізделген адам құқын сақтау концепциясы тұрғысынан ғана емес, ұлттың рухани-моральдық қауіпсіздігі тұрғысынан қарастырылатына назар аударды.

Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін өткен және өтетін шаралар нәтижелері туралы төменгідей қорытындылар жасалды:

  • Қоғамдағы экстремизм мен радикализмнің кез келген көрінісіне және біздің азаматтарымыздың конституциялық құқықтарына қысым жасауды көздейтін әрекеттерге қарсы қатаң әрі дәйекті қарсы тұру қамтамасыз етілді;
  • ҚР Конституциясына сәйкес мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсіл, ұлттық, діни, тектік–топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, заңдарда көзделген әскерилендірілген құрамалар құрудың алдын алу шаралары жасалды;
  • Шетелдерде тамырын жайған халықаралық лаңкестік, экстремистік ұйымдардың, қоғамымыздағы тағы басқа тұрақтылықты бұзатын, Қазақстанның ішкі тұрақсыздығын қоздыруды көздейтін күштердің іс-қимылына шек қойылды;
  • Мақсаты мен іс қимылы мемлекетте бір діннің үстемдігін орнатуға бағытталған, діни алауыздық пен дұшпандықты қоздыруға, соның ішінде, күш көрсетумен немесе күш көрсетуге үндеумен байланысты діни бірлестіктер құруға тиым салынады;
  • Республикамыздағы миссионерлік қызмет атқарып жүрген шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қызметін бақылау Қазақстандағы орнықтылықты және түрлі діни қақтығысты болдырмайды.

Қарлығаш Борбасова 

философия ғылымдарының докторы

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры

01.11.2019

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер