Осы мақсатта қалалық Қоғамдық даму басқармасы автоматтандырылған жүйені қолдана отырып, деструктивті діни идеологияны насихаттауы мүмкін деген топтарды анықтау үшін интернет кеңістікке мониторинг жүргізіп келеді. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында биыл осы тектес топтарда болған 5 мыңнан астам адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әңгіме барысында айқын болғандай, олардың көпшілігі осындай топтарда діни радикалды идеология насихатталатынын білмеген. Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының арқасында барлық қолданушылар күмәнді топтардан шығып кетті. Қоғамдық даму басқармасы діни сипаттағы ақпаратты іздеген адамдарға тек қана ресми тіркелген діни бірлестіктерге жүгінуді ұсынады. «Егер сіз радикалды идеологияны үгіттеу және тарату фактісіне тап болсаңыз, бұл жағдай туралы Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасына немесе қалалық полиция департаментіне хабарлай аласыз», - деді қалалық Қоғамдық даму басқармасынан.