Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Бас мүфти мешітке келудің тәртібін түсіндірді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантин кезінде мешітке келудің тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"18 мамырда жеке құлшылық жасап, құран оқытып, неке қидыруға ниет білдерген азаматтар үшін мешіттерді ашамыз. Бұл еліміздегі барлық мешіттің есігі ашылады деген сөз емес. Өйткені әрбір облыстағы карантин жағдайы әртүрлі", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

 

Бас мүфти Қазақстанның бас санитар дәрігерінің кезең талаптарын сақтау бойынша қаулысына сүйенгенін айтты. 

"10 адамнан артық кіруге болмайды"

Ол жұқпалы індеттің қаупі толық сейілмегенін, карантин режимінің талаптарын қатаң сақтап, сақтық шараларына аса мән беру керегін жеткізді. Осы орайда Наурызбай қажы Тағанұлы мешітке келгендер мына талаптарды сақтауы қажет екенін айтты:

"Мешітке келуші барша жамағат медициналық маска, қолғап киіп келуге, антисептикті жиі қолдануға, жеке құлшылық жасау кезінде 1,5 метр арақашықтықты сақтауы қажет. Сондай-ақ, құран оқитын бөлмеге 1,5 арақашықтықты сақтай отырып, 10 адамнан артық кірмеуге, неке қидыратын бөлмеге 4 адамнан артық кірмеуге үндейміз. Мешіт имамдарының кеңесіне құлақ асып, мешітке лек-легімен кезекпен кіруге, мешітте 15 минуттан артық болмауға үндеймін. Бұл мешіт ауасын әр 3 сағат сайын таза ауамен алмастырып отыруға мүмкіндік береді".

"Қадір түнін үйде қарсы алу керек"

Ол биыл Қадір түні мамыр айының 20 мамырға қараған түнге сәйкес келіп отырғанын, тұрғындарға бұл түнді үйде қарсы алу керегін атап өтті.

"Мешіттер ашылғанмен тек олар тек таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 8-ге дейін ашық болады. Елімізде төтенше жағдай мерзімі аяқталғанмен жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

15.05.2020

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер