Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Онлайн курс өткізілді.

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйгінде Алматы қаласының ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне діни мәселелер бойынша қазақ және орыс тілдерінде жоғары кәсіби тренерлерді тарта отырып, онлайн оқыту курсы  өткізілді.

Бұл оқыту курсын ұйымдастырушы «Қазақстан Республикасындағы Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы»  қоғамдық қоры. Әлеуметтік жоба ҚР «Ақпарат және қоғамдық даму» министрлігінің, Дін істері комитеті қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ  гранты аясында «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» жүзеге асырылды.

Жобаның мақсаты – халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді енгізу.

Оқыту курсын жүргізгендер:

  • Теолог, исламтанушы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры –  Сабдин Асқар Калимжанович;
  • ҚР-ның мәдениет қайраткері, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры –  Абзелбаев  Мұрат Назтаевич;
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ҚҚ президенті – Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы.
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филос.ғ.д., профессоры, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі – Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы

Оқу курсы Zoom онлайн платформасында өткізілді, оған 89 адам қатысты. Оқыту курсының соңында қатысушыларға сертификат  пен үздік деп танылған 5 адамға куәлік табысталады. Одан басқа қатысушыларға Көпшілік алдында сөйлеудің негіздері (Әдістемелік нұсқау), Дәрістер жинағы, «Инновационные методы профилактической и адресной работы с целевыми группами» атты  кітапшалар  берілді. Бұл жинақтарды Алматы қаласының Дін істер басқармасына табысталады. Курс барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды. #qogamgov , #cisc2020

15.09.2020

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер