Ағымдағы жылғы 16 қыркүйекте Алматы қаласының Орталық мешітінде «Мектепке жол акциясы» аясында демеушілердің қолдауымен қақтығыс аймағынан оралған балаларға мектепке қажетті оқу құралдары табысталды.
Іс-шараға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Н. Қиқымов және қаланың бас имамы Е. Шоқай қатысты. Шара барысында 10 балаға мектеп сөмкелері мен карантин жағдайында онлайн оқу үшін қажетті планшеттер үлестірілді.