Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

2020 жылдың 22 қыркүйек күні «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Кеңес беру және оңалту орталығының» жұмысына арналған пресс-конференция өтті.

2020 жылдың 22 қыркүйек күні «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Кеңес беру және оңалту орталығының» жұмысына арналған пресс-конференция өтті. Аталған Орталықтың негізгі міндеті радикалды діни топтар мен ұйымдардың ықпалына түскен адамдарға оңалту, кеңес беру, бейімдеулі көмек көрсету болып табылады.

Пресс-конференцияға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Көшеке Ерғали Ахилбекұлы және Орталық директоры Қайыргелді Руслан қатысты.

Өз кезегінде, іс-шараның спикерлері деструктивті діни ағымдардың ықпалына ұшыраған адамдармен жұмыс туралы, осы бағыттағы өзекті мәселелер жайлы атап өтті және өзге де бірқатар маңызды сұрақтарға жауап берді.

22.09.2020

Ыңғайлы қосымшаны жүктеп алыңыз

Алматы қаласында діни нысандарды жылдам әрі оңай іздеу.

Серіктестер