Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының «30 жылдық мерейтойына – 30 мың түп ағаш отырғызу» акциясы аясында Алматы қаласы бойынша 796 түп ағаш көшеті отырғызылды.
Атаулы шара аясында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қиқымов Нұрлан және Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай «Алматы облыстық №1 балалар үйіне» арнайы ат басын бұрып, жеткіншектердің көңілін аулап, аталмыш мекеменің ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.