Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қиқымов Нұрлан және Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай Алматы қаласы Түрксіб ауданы «Жас қанат» шағын ауданындағы салынып жатқан «Абдулла» мешіт кешенінің құрылысымен танысып, құрлыс жүргізуші мердігер компания өкілдерімен кездесіп қайтты.
Ашылуы таяу күндерге жоспарланған «Абдулла» мешіті неке қию залы, қызметкерлер бөлмесі, дәрісхана, асхана, кең дәрет алу бөлмелері және т.б. бірқатар қажетті жайлармен қамтылған арнайы 3 қабаттан тұрады.
Сондай-ақ, мешіт ауласында балаларға арналған ойын алаңқайы мен 80 көлікке арналған тұрақ орналасқан.